Экологияға әсеріӨңдеу



Дата07.02.2022
өлшемі21,01 Kb.
#96287
Байланысты:
ӘШГ.13 ПР.ТОЛЫҚПАЕВА АЯЖАН


Экологияға әсеріӨңдеу


Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.

Қағаз өндірісіӨңдеу


Қағаз өндірісі әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын процесс. Аз уақытты алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт - сағат электр энергиясын үнемделеді екен. Ал қайта өңдеуден өткізілген өндіріс барысында электр қуатын екі есе аз үнемдеуге болады. Осының арқасында ауаны былғайтын зиянды қалдықтар 70 пайыз төмендейді.
Соңғы 20 жыл ішінде әлемде қағаз бұйымдарын тұтыну 92 миллионнан 208 миллионға артып, оның көрсеткіші 128 пайызға артты. Қазіргі заманғы технологияның жанданып, электрондық құжаттың өмірге келуі мен компьютерлік байланыстың артуы бәрібір қағаз өндірісіне кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Сұраныс та, қажеттілік те бар. Мысалы, миллион тонна қағаздың 14 мың теміржол вагонына сиятынын ескерсек, бұл саладағы өнімнің азаймай, қайта жыл сайын артып келе жатқанын түсінуге болады.

Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері 

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты. 
Химия өнеркәсібінің Қазақстанда дамуына осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстік металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қышқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған күкірт қышқылының өзіндік құны табиғи шикізаттан алынған қышқылдан екі есе арзанға түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен. 
Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді. 
Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қиындау, өйткені қолданылатын аспаптардың (агрегаттардың көпшілігі ескірген, олардың 60% -не жуығы 10 жылдан артық, 20%-тейі20 жылдың үстінде ұсталғандар, ал 10%-нің пайдалануда болғанына 30 жылдан джа асқан. Осыған қарамастан ауға жіберілетін 90% тазалау цикілінан өткізіледі. 
Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек, бұлар- көміртек, күкірт, азот оксидтері , көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті көміртек, бензин, олифендер, ауыр металдардың қосылыстары, беттік активті заттар, спирттер, әртүрлі қышқылдар, фосфогипс, тұздар және т.б.
Химия өндірісіне байланысты әлі ойдағыдай шешімін алмай келе жатқан проблеманың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі. Көп мөлшерде жиналаған бұл қалдықтар айналымға қажетті көптеген жер көлемін алып жатуымен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.
Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері 

Ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару- жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы .Машина жасау өндірісі энергетикалық, электротехникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі , аспап жасау, ауыл- шаруашылық машиналарын жасау және т.б. салаларға бөлінеді. 


Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалады. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды.республикамыздың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар- тау- кен, көмір, мұнай, металлургия , тамақ кәсіпорындарына қажетті жабдықтар сондай-ақ көлікке, құрлысқа арналған машиналар мен құрал- саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар- барлығы 1000 – астам өнім түрлерін шығарады. 
Жалпы машина жасау өндірісі 1 тонна металлдан, 260 кг қалдық шығады. Машина жасау өнеркәсібі 1 млн тонна қара металл қолданған сайын сыдыру, тегістеу және осы сияқты операциялар жүргізгенде 5,4 мың тонна соққанда ыстық штамб жасағанда агрессивті еріткіштің көмегімен өңдегенде 14 мың тонна қалдық толығымен жинап алмағанда 15 тонна қайтымсыз металл шығады. Тазалау жүйесінің тұндырғыштарының шектеу цехтардың штамдарын 20-300 грамм қатты материалдардан тұрады. Термиялық құйма, және басқа цехтардың шламдары өте улы заттар- қорғасын, мыс, мырыш, т.б. заттардан тұрады. өнеркәсіп қалдықтары аз мөлшерден аспаптармен әртүрлі қондырғылар істен шыққанда төгілген сынаптар кездесіп жатады. Радиоактивті затардың бұл саладағы қолдануға болатын қалдықтардан шамалы мөлшерден ластануы мүмкін. Радиоактивті заттардың ыдырау процесі жарты тәуліктен аспайды.
Қорыта келе өндіріс салаларының барлық түрі , атап айтқанда машина жасау, энергетика, кара металлургия, түсті металлургия, жеңіл, тамақ т.б өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері яғни қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы бүгінгі күні басты проблеммарлдың бірі болып отыр. Сондықтан біз оларды шектеу үшін әртүрлі шаралар қолдануымыз керек[23].

2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері


Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту және т.б. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.
Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде агроценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түрлі түрлердің қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары қалып отырған.
Қазіргі таңда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылығы саласында үш басқару жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін-өзі басқару жүйесі. Мұнда мемлекет әр түрлі экономикалық тегеуріндерді қолдана отырып, реттеуші қызмет атқарады.Ал шаруашылықтық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатта коммерциялық емес ұйымдарға бірігуі арқылы жүзеге асады.
Жалпы ауыл шаруашылығында мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесі өз қызметін келесі принциптерге негіздеп жүргізеді:

  • Мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты қызмет ету шегі болуы қажет;

  • Ауылшаруашылық саласында бұл екі жүйенің де қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болады, олар мемлекеттік басқару «жоғарыдан төменге» қарай жүргізілетін басқару принципіне негізделсе, шаруашылықтық басқару тауар өндірушілердің ерікті бірігуі негізінде «төменнен-жоғары» қарай басқару принципіне негізделеді;

  • Мемлекеттік басқару жүйесі аграрлық салада мемлекеттік шарлармен байланысты алдын-ала белгіленген қызметтер мен ұйымдық құрылымдар негізінде жүзеге асады. 

Дегенмен ауыл шаруашылығының кейбір салаларында өндірілген өнім көлемінің қысқаруы байқалады, ол егін шаруашылығы. Ол соңғы жылдарда болған құрғақшылықпен түсіндіріледі, әсіресе 1995,1996 және 1998 жылдары өндірілген өнім көлемі орташа алғанда 1994 жылмен салыстырғанда 50 пайызға қысқарған.
Ал мал шаруашылығында жалпы өндірілген өнім көлемінің өскені байқалады, әрине бұл тенденцияны тек мал басының өсуі деп түсіндіруге болмайды, мұндай мал шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсуі мал өнімінен өндірілетін өнімдерге деген бағаның өсуі және мал шаруашылғында өндірілетін өнімдердің алуан түрлілігімен түсіндіріледі. Мал шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1994 жылы 1651,8 млн теңге болса, 2001 жылы 10400 млн теңге болған, яғни өндірілген жалпы өқнім көлемі 7687,3 млн теңгеге өскен. 
2001 жылы мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылығнда өндірілген өнімдер көлемінің 55,9 пайызын құрайды, ал өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 44 пайызын құрайды. 
Агроөнеркәсіп кешенінде жүргізілген реформа нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін басқару жүйесі түбегейлі өзгерді, бір орталықтан басқарылатын совхоздар мен колхозжардың орнына жеке меншік құқығына негізделген өз алдына жұмыс жасайтын ұйым түрлері пайда болды.
Қазіргі таңда пайдасынан гөрі шығыны мол ауыл шаруашылық акционерлік қоғамының акцияларына деген сұраныс жоқ болғандықтан, акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы жоқ.
Бір ауылшаруашылық кәсіпорнына келетін мал басы мен егін егілген ауылшаруашылық жерлерінің орташа көрсеткіштері 2001 жылы 1997 жылмен салыстырғанда кему байқалады, соның ішінде бір кооператив бойынша орташа жыртылған жер көлемі 4,5 есе, ірі қара мал басы 8,7 есе, қой 2,8 есе, жылқы 3,8 есе, шошқа 3,2 есе кеміген. Сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктетіктердегі бір кәсіпорынға келетін орташа көрсеткіштер де кеміген. Сонымен, ауыл шаруашылығы өндірісі көп еңбек күшімен, көп қаражат талап ететіндіктен оның дамуы баяу. Ауыл шаруашылығы өндірісі тікелей табиғатқа(ауа райына) тәуелді болғандықтан, (мысалы суға тапшы жерлерді алатын болсақ)ол биосфераның негізігі 3 компоненті ауағы, суға, топырақ жамылғысына, әсер етпей қоймайды. Жерді техникалық құралдармен жыртқан кезде, бір жағынан топырақ құнарлылығын арттыратын болса, екінші жағынан, шаң-тозаң атмосфераны ластаудың үстінде болады. Сонымен қатар зиянкестермен күрес кезінде, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдану суға да, ауаға да, топырақ жамылғысына да әсері ерекше[24].

Металлургия және қоршаған орта

Металлургия табиғат кешендерінің барлық құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Тау-кен өнеркәсібі топырақ қабатын бұзып, тұтас ландшафттарды «жалмап кояды». Жер бетінде алып карьерлер мен жер астында ірі үңгірлер пайда болуда. Олар басып қалу мен антропогендік жер сілкінісі қаупін тудырады. Көп жерлерді қалдықтар: бос жыныстар мен байыту қалдықтары, металлургиялық қождар (шлактар) алып жатыр.

Егер осы қалдықтарды тегістеп жайса, еліміздің аумағының қалыңдығы 2 мм болатын қабат жауып кетер еді! Бұзылған жерлерге көп шығынды қажет ететін қалпына келтіру (рекультивация)* шаралары қажет.

Металлургия зиянды заттардың көп мөлшерін атмосфераға шығарады. Әсіресе, қалдық газдар (күкіртті жәнө т.б.) кұрамында металы бар тозаң және басқа элементтер аса қауіпті. Сонымен, түсті металлургия - Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Өндірістің аяқталған циклі ауыр металдар металлургиясында қалыптасқан, ал жеңіл түсті металдар арзан энергия кездеріне таяу орналасады.
Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/news/archive/content-4346/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет