15. Педагогикалық шығармашылықтың құрылымдық компоненттері
Тапсырма: Педагогикалық қабілеттілік пен педагогикалық шеберліктің өзара қатынасы қандай? Педагогикалық шығармашылықтың әрбір компонентіне сипаттама беріңіз.
Әдістемелік нұсқау: Әр сұраққа жазбаша жауап беріңіз. Әр компоненттке анықтама беруге тырысыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999.
2. А.С.Макаренко. Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары. Шығармалар. 1960, 5-Т. 264-6.
3. Педагогикалық ізденіс. Алматы: «Мектеп», 1991.
Глоссарийлер
Анкеталау:
психология мен педагогикадағы зерттеу әдісінің әртүрлілігі, берілген сұраққа жазба түрінде жауап беріп, көзқарастары мен тенденцияларын анықтау.
Ақпараттық іскерлік -
оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.
Аттракция
(латын тілінен аttractic - тартылыс-педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.
Анафора
бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған.
Іс-әрекет:
адамның өзіңің қажеттілігіне және қызығушылығына бағытталған адамның іс-әрекетінің жиынтығы.
Білім:
объективті шындықтың құбылыстары, заттар туралы түсініктері мен елестері, алынған мәліметтер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |