7– слайд Астрономия ғылымына қосқан үлесі
Фалес алғашқы болып ай мен күннің бұрыштық өлшемін тапқан және айдың шамасы өз жолының 1/720 бөлігін құрайтынын көрсеткен.
Ол шағылысқан сәуленің түсуінен ай жарқырайды деп тұжырымдады.
Ай мен күннің тұтылуына бірінші болып анықтама берді.
Фалес египеттік нұсқадағы 365 күндік (12 ай) күнтізбе енгізді.
Нақ Фалес гректерге жеті қарақшыны жол көрсететін құрал ретінде көрсеткен деп есептелінеді.
Фалес глобус ойлап шығарған деп тұжырымдалады. Бұрыштарды санау
арқылы Фалес аспан денелерінің қозғалысын қарастыратын “математикалық әдіс” ойлап тапқан.
|
8 – слайд Геометрия ғылымына қосқан үлесі
Фалес :Фалес теоремасын
Вертикаль бұрыштар теңдігін
Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрыштары тең болса, екі үшбұрыштың өзара теңдігін
Тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрыштарының теңдігін
Диаметр шеңберді дал ортасынан бөлетінін
Жарты шеңберге іштей сызылған бұрыштың әрқашанда тік
болатынын дәлелдеген.
|
|
9 – слайд Фалестің таң қалдырған ашулары
Фалес б.з.д. 585 жылы күн тұтылуын болжаған және сол күннен бастап есімі халыққа кеңінен тарады.
Ол алғашқы болып тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей сызды.
Үшбұрыштар ұқсастығын қолдану арқылы жағадан кемеге дейінгі қашықтықты есептеді.
Египетте Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тауып, Абыздарды таң қалдырды.
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Фалестің геометриядағы ашуларынан біреуін атаңыз
|
Фалестің астрономиядағы ашуларынан біреуін атаңыз
|
Фалестің таң қалдырған ашуларынан біреуін атаңыз
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Фалес деген кім?
Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттеген?
Фалес геометрияны басқа қандай салаларда қолданған?
Ғылымды білу арқылы оны қаражат көзіне айналдыра аламыз ба?
Астрономиядағы қосқан үлесінен біреуін атаңыз. Не үшін ол маңызды болып табылады.
Геометриядағы ашуларынан қайсысын білесіздер. Олардың геометриядағы маңызы неде?
Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні өз бетімен жазып көріңіз.(қайталау сабақтарында өткен болатынбыз)
ІІ деңгей тапсырмалары
Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысы қайсысы?
Тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қандай түрде сызатын едіңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Вертикаль бұрыштардың тең екендігін біз алдыңғы сабақтарда өттік, сіз сол
Фалестің ашуын өздігіңізден ойлап таба аламын деп ойлайсыз ба? Оны қалай дәлелдейтін едіңіз?
Топтық жұмыс.
Оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.
Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |