Сабақ Мұғалімнің аты-жөні: Пән/Сынып: 2 Дүниетану Күні



Дата05.12.2022
өлшемі17,04 Kb.
#161380
түріСабақ
Байланысты:
дүниетану 2 кл 9.11


№9 сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:2

Дүниетану

Күні




Тарау немесе бөлім атауы:

Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы: №9

Қазақстан халқы. Пікір алмасайық!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру.

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: Қазақстан халықтары, олардың достығы туралы әңгімелейді.
Көптеген оқушылар: халықтар достығының маңыздылығын талдайды.
Кейбір оқушылар: халықтары достығының маңыздылығын дәлелдеп, қорытынды жасайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3минут

Басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін патриоттық «Достар» әнін тыңдау.
Оқу материалын жариялау:
«Мюссенберг» әдісі.
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиащнҚазақстанывыыкеаннушәүнпгвпвухалқыжщпдпщ
-Қандай сөздер шықты?
-Қазақстан деген не?
-Халық деп кімдерді айтады?
-Қазақстан халқы туралы не білесің?
- Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз?

Әнге қосылады.

Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Қазақстан халқы)





Мадақтау


35
минут

Ортасы



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
-Қазақстанда қай халық саны жағынан көп?
-Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Не себепті еліміз «Қазақстан Республикасы» деп аталады?
-Не себепті Қазақстанда көп ұлттар мен ұлыстар тұрады?

Ә) «Бейбітшілік пен келісім сарайы /Елорда келбеті» тақырыбындағы шағын бейнежазбаны тамашала.


Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
-Халыққа не үшін мемлекеттік тіл қажет деп ойлайсың?


Сергіту сәті:
Біз Отанның гүліміз, 
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.


(Д) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.
«Ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісім не үшін қажет?» деген тақырыпқа өз ойыңды жаз.
.

-Қазақстан халқы туралы әңгімелейді.
-Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін білдіреді.


Дескриптор:
-Қазақстан халқы туралы әңгімелейді.
-Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін білдіреді.
Өлеңді дауыстап айтады.
Өз ойын жазады.
Дескриптор:
- Ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісім туралы өз ойын жазады

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.




2минут

Кері байланыс

Кері байланыс: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.
Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?
Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?

Тапсырма бойынша ой қорытып, өз іс-әрекеттерін айтады, сабаққа рефлексия жасайды.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет