Тпп 20-20 Әлібекқызы Еркежан
№3 Зертханалық сабақ
МИКРОБТАРДЫ ТІРІ КҮЙІНДЕ ЗЕРТТЕУ. МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Бақылау сұрақтары:
1) Бактериялардың жылжымалығын зерттеу тәсілдері.
Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік әрекетінің, өнімдерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтатылады. Микробтардың түрін анықтау кезінде олардың жылжымалылығының бары немесе жоғы еске алынады.
Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты микробтар бір орында тұрып, қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен тербеліп тұрады немесе сұйықтықтың ағысы бойынша жылжиды.
Микробтардың қозғалуын анықтау үшін жас өсінділер алынады (12-24 сағаттық). Зерттеуді «аспа» және «қысылған» тамшылардың препараттарын дайындау арқылы жүргізеді.
2) Аспа және қысылған тамшы әдістерінің айырмашылықтары.
«Аспа» тамшысын шұнқыршасы бар зат шынысында дайындайды. Шұңқыршаның шетіне вазелинді жұқалап жағады. Микроорганизмдерді жамылғы шынысының бетіне тамызады. Егер микроорганизмдер сұйық қоректік ортада өсірілген болса, онда зерттеуге осындай өсіндінің бір тамшысы алынады. Ал егер тығыз ортада өсірілсе, жамылғы шынысының бетіне әуелі физиологиялық ерітіндінің бір тамшысын, сонан соң оған микроб өсіндісін тамызады. Зат шынысын 180°-қа аударып, жамылғы шынысындағы тамшыны шұнқыршаны ортасына бағыттай отыра, төмен түсіреді. Сонан соң зат шынысын бастапқы қалпына келтіреді. Мұндай препаратта тамшы жамылғы шынысының ішкі бетінде асылып тұрады, басқаша айтқанда, тамшы герметикалық жабылған дымқыл камерада ілініп тұрады. Бұл препаратмикробтардың жылжымалылығын көп уақыт аралығында бақылауға мүмкіндік береді. Препарат шамалы қараңғыланған көз шалымында (диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бұл блялмаған формалардың көрінісін айқындата түседі.
«Қысылған» тамшыны кәдімгі зат шынысының бетінде дайындайды. Бұл үшін оның микробтардың бір тамшысын тамызып, жамылғы шынысымен жабады. Дайын препарат жоғарыда аталғандай көз шалымында тексеріледі. Микробтардың қозғалыс реакциялары (таксистері) химиялық заттармен (хемотаксис), молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис), сумен (гидротаксис) және т.б. бір жақты тітіркендіру әсерінен пайда болады. Оң таксисте қоғалыс тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте керісінше бағытта байқалады.
3) Микроорганизмдердің өз бетімен жылжуының негізі.
Көптеген микробтар тірі күйінде қозғала алады. Қозғалыстың жылдамдығы мен сипаттамасы өсіндінің жасына, қоршаған ортаның жағдайларына және микробтардың түріне байланысты болады. Жас микроорганизмдердің жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл қасиеті әлсіздеген немесе тіптен байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік әрекетінің, өнімдерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |