Сынып: 1 А
№ 21 сабақ
|
«Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар
№23 орта мектеп» КММ
|
III тоқсан
|
VI БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
|
Сабақ тақырыбы:
|
С А Л Т - Д Ә С Т Ү Р
|
|
Күні: 10.02.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Актанберлиева Ш.К.
|
Қатысқан оқушылар саны: 14
|
Қатыспаған оқушалар саны: 1
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
|
1.1.1.2. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.
1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
1.1.2.2. Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.
1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланыстарын зерделейді.
Балалардың ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Басқа бөлімдердегідей оқып үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады.
Музыкада динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.
|
Кейбір оқушылар:
Әнге қимыл салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімін ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету).
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Қазақтың музыкалық аспаптары.
Мұны мынандай ..... жолмен жақсартуға болады.
Мен көріністі ....... жолымен жақсартар едім.
|
Диалог / жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Салт-дәстүр туралы не айтасың?
«Бесік жыры» қандай ән?
Қандай бөліктерін жақсартуға болады?
|
Алдынғы сабақтарда алған білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренеді.
|