Ойлау деңгейі
|
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Түсіну, қолдану
|
Ұсынылған
суреттер арқылы тақырыпты түсінеді
|
Суреттер арқылы сипаттама жасайды;
Постер арқылы талдайды.
|
Кері байланыс: "Бес бармақ" тәсілі
«Араб грамотасы» тәсілі арқылы бірыңғай жуан, жіңішке, аралас буынды сөздерді кестеге топтастырып жазу.
Ұрпқ, мр, мрс, кнж, қстт, бтр, жрт, клі, ірг, оту, бт –тлк, қя, сй – қрмт, әдп – ғрп, мргрлк, илк, үсн, змн.
Дескриптор: Үндестік заңына орай сөздерді топтастырады.
3-тапсырма. Жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі.
"Шежіре ағашын" толтыру.
Дескриптор: Өз отбасының шежіресін жасайды.
|
Кеспе қағаздар
Суреттер, флипчарт, маркерлер
Суреттер, кеспе қағаздар
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға : "Шаңырағың шайқалмасын! " деген тақырыпқа ойтолғау жазғызуды жоспарлауға болады.
|
Бағалау – оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау үнемі жүріп отырады.
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
•Саралау тапсырмалары әр оқушының жеке ерекшеліктері мен білім деңгейлеріне сәйкес құрылды. Қабілетті оқушыларға тапсырмалар күрделі түрде беріліп отырады.
|
• Бағалау критерийлер мен дескрипторлар арқылы жүзеге асты. Әр тапсырма орындалғаннан кейін тиімді кері байланыс болып отырады.
|
• Пәнаралық байланыс өзін - өзі тану, қазақ әдебиеті пәндерімен болды. АКТ-мен байланыс болды. Негізгі сабақта болған құндылықтар үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, сол арқылы оқушыларға қара шаңырақтың киелі ұғым екенін түсіндіру болды.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
|
Сабақ тақырыбына сәйкес оқу бағдарламасынан таңдалынып алынған оқу мақсаттары мен міндеттері тиімді орындалды. Оқушылар сабақта қара шаңырақ иесі отбасындағы кенже ұл екенін және үндестік заңы тақырыбына орай сөздерді топтастыра білді.Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау жұмысы орындалды. Тапсырмалар оқушылардың білім деңгейі мен қызығушылықтарына сәйкес дәл таңдалды. Уақытты тиімді пайдаландым.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Тапсырманы орындау барысында әр оқушы өз отбасын сүйіспеншілікпен сипаттап, отбасындағы дәстүрлерін әңгімелеп берді.
2. Бейнефильмді көрсету арқылы оқушылар жеті ата маңыздылығын түсінді.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Шежіре ағашын қызығушылығпен толтырды.
2. Әр тапсырма сайын берілген кері байланыс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды.
|