Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Дауысты және дауыссыз дыбыстар түрлерін ажыратуды бекіту



Дата17.02.2020
өлшемі1,93 Mb.
#58259
түріСабақ
Байланысты:
албасты сабак
апталық, апталық, СЫНЫП САҒАТЫ, СЫНЫП САҒАТЫ, 13. КТЖ Физика 9 сынып, Сабак жоспары, MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері, soch himiya 7cl kaz, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, 6 сынып ¦9, 6 сынып ¦9, 1 сынып буквы, 13 сабақ



Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға №2 арнайы (түзету) мектеп интернаты

Күні: 18.02.2020.

Мұғалімнің : Тынымбаева Ж.Т

Сынып: 2-3 арнайы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Дауыстылардың әсерімен дауыссыздардың жуан және жіңішке айтылуы

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

1.Дауысты және дауыссыз дыбыстар түрлерін ажыратуды бекіту.

2.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар болып бөлінетінін түсіндіру.

3.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы түсінік қалыптастыру

3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу






Барлық оқушылар: жазуға, қабілетті

Оқушылардың басым бөлігі:  Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады


Кейбір оқушылар: сөйлеуге қабілетті.

Тілдік мақсат

Оқушылар 

Оқушылар толық жауап беруді үйренеді, сөйлемдерде жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратуға үйренеді,жазу кезінде қате жібермейді.




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дауысты және дауыссыз дыбыстар,жуан және жіңішке дауысты дыбыстар



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Дауысты дыбыстар қанша топқа және қалай бөлінеді?

  • Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  • Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Талқылауға арналған сұрақтар: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Жуан дауысты дыбыстар қалай жасалады?

Жіңішке дауысты дыбыстар қалай жасалды ?


Жазылым бойынша ұсыныстар №1 дәптерге жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бөліп жазу, № 2 берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.


Бағалау критерийі

Стикер арқылы , ынталандырушы сыйлықтар, жұлдызшалар



Түзетушілік

Жазуға көмектесу. Балаларды оқытуға уйрету, тақтамен жұмыс

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекетер


Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин


Қызығушылықты ояту

3 мин



1)Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсізбе!

-Бүгінгі сабаққа деген дайындықтарың қалай?

- Жақсы


Бүгінгі ауа райы қалай ?

-Жақсы


-Бүгін нешесі, аптаның қай күні?

-Ақпанның он сегізі, сейсенбі.

-Сендерді көргеніме бүгін өте қуаныштымын.

-Ал енді сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлап, сабағымызды бастайық!



(интерактивті тақтадан көрсетіледі, барлығымыз бірге айтайық).

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәдемдесіп аламыз.

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз – еңбектену

5- ке қолды жеткізу


Егерде кім сабаққа белсенді қатысатын болса, сол оқушыға стикерлер таратамын. Сабақ соңында кімде көп стикер болатын болса, сол оқушыға тәтті конфет таратамын.

Слайд,акт





Үй тапсырмасын тексеру

4 мин



«Сыйқырлы сандықша» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

-Балалар қане айтындаршы үй жұмысын барлығымыз түсініп, орындап келдік пе?

-Ия барлығымыз.

-Онда мен сыйқырлы сандықша арқылы үй жұмысын тексеретін боламын. Мына сандықшанын ішінде сөздерді кезекпен алып, өзеріңе түскен сөздерді буынға бөлулерің керек.

Сызғыз

Кітап


Терезе

Балапан


Көбелек

Орындық


Жолбарыс

Жұлдыз

Сандықша


Сабақтың ортасы

20 минут


Мағынаны тану

Сергіту сәті

3 минут



Жаңа сабақ

-Балалар айтыңдаршы қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

-42

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар мен қазір сендерге осы әріптер туралы ертегі айтып бермін, мұқият тыңдаңдар.


- Ертеде барлық әріптер бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болған екен. Тату – тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалықты әріптердің барлығы жан - жаққа шашырап ұшыпты.

Бірнеше әріптер күннің үстіне қонып, күнге күйіп қып - қызыл болыпты. Бұл қандай дыбыс әріптері деп ойлайсыңдар?

Бұл – а, ә, е, ё, и, о, ө, ү, ұ, (у), ы, і, э, ю, я. Бұл дыбыс әріптері туралы не білесіңдер? Дауысты дыбыс ережесін айтады.

Ал қалған әріптер бұлттың бетіне қоныпты. Бұл қандай дыбыс әріптері деп ойлайсыңдар? Дауыссыз дыбыстар ережесін еске түсіреді.

Дауыссыз дыбыс әріптері қатты мұңайып, көңілсіз болып жүреді. Өйткені, олар бір - біріне қосылып тұра алмады. Сол кезде дауысты дыбыс әріптері: «Оларды біз біріктірейік» деп көмекке келеді.

Тапсырма: «Әріптен сөз құра»

Оқушыларға әріптер беріледі, әріптерден сөз құрады және сол сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Оқушылардан бұл ай аттары жылдың қай мезгілінде келетіні сұралады. Көктем сөзіндегі дауысты дыбыстарды атайды. Ө және Е әріптерін қайталап айтқызу. Қалай естіліп тұрғанын сұрай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.



Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.


Ал тілдің ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.

"Бас бармақ" әдісі
Бас бармақтарын көтеру арқылы тақырыпты түсінгендерін немесе түсінбегендерін айтады.

2- тапсырма

Көркем жаз.

Кітаптағы 52 беттегі 5 жаттығуды орындау.

«Шапалақ пен бас аяқ» Мақсаты: дауысты дыбыстарды ажырата білуге баулу. Барысы: мұғалім дауысты дыбыстың жуан әрпін айтса оқушылар шапалақ, жіңішке әріпті айтса аяқпен жерді соғады.

-Балалар, бойымызды бір сергітіп алайық, орнымыздан тұрып, қайталаймыз.
3-тапсырма

Тақтаға көк және жасыл түсті смайликтер ілініп тұрады. Карточкада жазылған сөздер болады. Балалар жуан дауыстар бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты сөздерді бір бөлек жинауы қажет.


«Кубизм» әдісі. Кубтың әр қырына сандар жазылады. Эстафеталық жарыс ретінде топтар бір – біріне лақтыру арқылы шыққан сан бойынша тақтада ілініп тұрған санды ашып жасырынған әріпті табады. Тапқан әріп бойынша өздері бір тағам атын атау керек. Барлық әріп ашылғанша ойын жалғасады. Жасырын сөз: РАҚМЕТ


АКТ қолдану

(слайд)

Таныстырылым

Оқылым


Тыңдалым

Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырады.

Жазылым

Дәптермен жұмыс



Кітаппен жұмыс

Сабақ соңы

7 мин


Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақытты тиімді пайдаландым ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?


Қорытындылау:

Бекіту:

-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

-Бүгінгі сабақта дауысты дыбыстың әсерінен дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.

-кітап сөзін кім тасымалдап, сөдегі жуан және жіңішке айтылуын айтқысы келеді?


Бағалау. Сабақ бойына жинаған стикермен бағалау

-Кім қанша стикер жинады? Жарайсыңдар оқушылар барлығың бүгін сабаққа белсенді қатыстыңдар.


Кері байланыс:

-Балалар бүгінгі сабақ түсінікті болды ма?

Балалар сендердің алдыларыңда үш түсті алма тұр. Егер сабақты толық түсінген болмаңдар піскен қызыл алманы, сұрақтарың бар болса сары түсті алманы, ал түсінбеген болсаңдар жасыл түсті алманы алып жеміс ағашына орналастырыңдар.

Үй тапсырмасын беру:

-Оқушылар үйге тапсырманы жазып аламыз.Үй тапсырмасын кім дұрыс орындап келеді,сол оқушыға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Кітаптағы 54 беттегі № 7 тапсырма, суретке қарап сөйлем құрап, жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратып жазып келеміз.

-Жарайды апай

-Бүгінгі сабағымыз аяқталды балалар.Сау болыңдар!

-Сау болыңыз апай!


Стикер


№7 және №3 кітаптағы тапсырмалар



Қорытынды бағамдау








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет