САБАҚ: Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру: Сарыарқа
|
Мектеп: Бесқарағай ЖОББМ
|
Күні: -
|
Мұғалімнің есімі:
Шадиханов Ерғанат Иранович, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі
|
СЫНЫП: 8
|
Қатысқандар саны: 12
|
Қатыспағандар
саны: -
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Сарыарқаның географиялық орнын анықтайды, жалпы сипаттама береді.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: жалпы сипаттама береді.
|
Сарыарқаның географиялық орнын анықтайды, картадан көрсетеді жалпы сипаттама бере алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Сарыарқа табиғатының ерекшеліктерін анықтай алады, жалпы сипаттама береді.
|
Кейбір оқушылар: Сарыарқаның тектоникалық, геологиялық, физикалық құрылымдарының өзара байланысын анықтап, тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Естілім және тыңдалым: «Сарыарқа» тақырыбындағы бейне роликті көреді, тыңдайды, ойын айтады, мазмұнын ашады.
|
Айтылым: Қазақтың ұсақ шоқысы, Сарыарқа, физикалық – географиялық аудан, геологиялық жасы, тектоникалық құрылымы, пайдалы қазбалар, климаты, табиғат зонасы, ішкі сулар негізгі сөздер мен тіркестерді пайдаланып, пікірталасқа түседі, сипаттап жазады, ойын айтады, дәлелдейді:
|
Жазылым: Геологиялық құрылымы, жер бедері, ішкі сулары, климаты, табиғат зоналары, өсімдік, жануарларының г.о. сәйкес ерекшеліктерін сипаттап кесте түрінде жазады
|
Алдыңғы оқу
|
Аласа таулы өлкелер
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
2 мин.
Білу. 3 мин
Мақсаты: Сарыарқа жайлы алдыңғы білімдерін тексеру.
Түсіну
10 мин
Мақсаты: Сарыарқаның табиғат ерекшелігін анықтайды.
|
Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. (тәттілер арқылы). Әр түрлі тәттілерді оқушылар қалауларынша таңдап алады, сол тәттіде топтың атаулары жазылған қағаздар болады:
Жер бедері
вььь
бедері
климат
табиғи зона
Жаңа тақырыпқа шығу: «Құпия сөз» - күй ойнайды, тақтаға сурет ілінеді. Тапсырма: - Әуен мен суреттің арасында қандай байланыс бар?.
Жауабы «Сарыарқа»
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Сарыарқа». «Сарыарқа» жайлы не білетіндерін «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы анықталады
Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? (орталық)
Сарыарқа қандай тауларға жатады? (аласа) Неге? Ойыңды дәлелде.
Сарыарқаның құрамына қандай таулар енетінін білесің бе? (Көкшетау, Баянауыл)
Қандай пайдалы қазбаларға бай және неліктен?
Сарыарқа тақырыбына арналған «Сарыарқа –Еуразия жүрегі» бейне жазбасы көрсетіледі. Оқушылар тыңдайды, дәптерлеріне түртіп алады. Нені жазып алады?(Оқушылар Сарыарқа табиғатының әсемдігіне, алуан түрлілігіне тамсана отырып, қандай жер бедерінің пішіндері, таныс жер-су аттарын, кездесетін өсімдіктері мен жануарларын, аймақтың шаруашылығымен таныса отырып, жазып алады) Оқулық мәтінін оқиды. «Мозайка» әдісі қолданылады - үй тобында, оқып, түсінген және талдағандарын басқа топқа барып, түсіндіру барысында алған білімдерін қолданады, сосын үй тобына қайта келіп, әр топтың түсіндіргенін талдап, топтар берілген сұрақтар бойынша кластер жасайды.
Тапсырма:
1-топ «Геология құрылысы, жер бедері»
2-топ «Климаты мен ішкі сулары»
3-топ «Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары»
|
Оқулық.
Қазақстанның физикалық картасы, атласы.
BilimLand платформа-сы-бейнеролик
немесе https://www.youtube.com/watch?v=riQtAhEwk5Q («Сарыарқа-Еуразия жүрегі» бейнеролигі, фотоальбом 3 мин.)
|
Қолдану
10 мин.
Мақсаты: алған білімдерін басқа жағдаятта қолдана алады
|
1. Оқулық мәтінін қайта толық оқиды.
2. Геологиялық құрылысын жер бедерімен, климаттың ішкі сулармен, өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен байланысын анықтайды
Дәптерге қысқа сызбанұсқа құрастырады. Сарыарқаның табиғатын суреттеп, Қазақстанның физикалық картасы бойынша Сарыарқаның тауларын, ірі өзендері мен көлдерін көрсетіңіз.
Сарыарқа
Табиғат зоналары , өсімдік ,
Геологиялық құрылымы, жер бедері
Климаты, ішкі сулары
3. топ мүшелері 1,2,3 саналу арқылы топтағы оқушылар бөліп, дыбыссыз қадам арқылы, әр топтардан мәлімет әкеледі
4. үй тобында кластерлерін толықтырады.
Бағалау «Карусель» арқылы.
|
|
Талдау 10 мин
Мақсаты: Картамен жұмыс жасау арқылы қорытынды шығару.
|
1.Суреттер сөйлейді. Сәйкестендіру
2.Оқушыларға сурет қималары беріледі: Баянауыл Көкшетау, Ұлытау географиялық обьектіні анықтап сипаттама беру.
Бағалау критериі:
Сарыарқаның тауларын ажыратады;
Тауларда кездесетін тау жыныстарына сипаттама береді.
Табиғатының ерекшеліктерін анықтап, жан-жақты сипаттау алады.
Дескриптор :
Объектіні атайды, табады.
Сипаттама береді.
Ерекшеліктерін анықтайды.
Үш топқа бір тапсырма. Түйінді идеяны анықтау.
Тектоникалық картаны пайдаланып,қандай пайдалы қазбаларға бай екенің, оның геологиялық құрылымына байланысын анықтаңдар. Қорытынды жасайды, бір топ өзінің ойларын ортаға салады қалған екі топ толықтырады.
|
Оқулық
8 сынып. Қазақстаның тектоникалық картасы.
|
Аяқталуы 5 мин
Рефлексия
|
Кері байланыс: Чемодан, ет тартқыш, қоқыс жәшігі - тақырыпты түсінсе стикерін чемоданға жабыстырады, түсінбей жатса әлі де мәлімет алу керек болса ет тартқышқа, тақырыпты толық қамтымаса қоқыс жәшігіне жабыстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |