Мағынаны ажырату. Ой қозғау
-Байлық деген не? Оған қатысты 5 сөз ойластырыңдар.
Білу «Балалар философиясы» әдісі
-Денсаулыққа қатысты сұрақ құрастырып, бір-бірлеріңе қою.
Мақсатқа сәйкес жетістік критерийін құру.
Түсіну. Оқылым
Мәтінді түсініп оқыңдар. «Байлық» Міржақып Дулатов
Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей екенін айтып, мұңын шағады. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін айтады.
– Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? – дейді ұстазы.
– Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың, – және шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрайды:
– Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?
– Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін! – дейді жігіт.
– Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды? – дейді ұстаз.
– Мен бұларды дүниенің малына айырбастамас едім, – дейді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке:
– Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің? – дейді.
(Ұ) Үштілділік: Байлық – богатство - wealth
Сөздік: сом – теңге шыққанға дейін қолданылған ақшаның аты.
Қолдану. Топтық жұмыс
-Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.
Жетістік критерийі:
-дауыстап, анық оқи алады;
-рөлге бөліп оқи алады;
-тыңдарманның назарын аудара алады.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау
Жұптық жұмыс
-Мәтінге сүйеніп, жарлы сөзіне мағынасы жуық сөздерді атаңдар.
-Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы
Жеке жұмыс
-Мәтінге сүйеніп, қажетті сөздерді табыңдар.
... көздерім
... құлақтарым Қандай?
... аяқтарым
Синтез. Ой толғау. Жазылым.
-Денсаулық – зор байлық екендігіне дәлелдер келтіріңдер.
Ү л г і : Денсаулық – зор байлық. Өйткені ... көздерім болмаса, не істер едім?
Жетістік критерийі:
-қажетті сөздерді таба алады;
-пікіріне дәлелдер келіте алады.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау
Үй жұмысы (3-4 бет әңгімелеу)
|