Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет29/39
Дата22.05.2022
өлшемі7,12 Mb.
#144653
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
2 5296290009974838455
Бекітемін анашым бакытым, Бекітемін анашым бакытым, экология, 6-лекция Психология, Ерқанат Жүнісбек, D66B7C98-EFC5-46CF-B6B8-0926782D262A, Қанатұлы Марлен, 1543388636372, posobie-markova-zadachi-metodi
Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.

1-топ
2-топ


3-топ
Суреттер

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Ұсақ ағзалар – прокариоттар мен протистердің бір жасушадан ғана тұратынын білесіңдер. Ал барлық көпжасушалы ағзалар көптеген жасушалардан тұрады. «Жасуша» деген түсінікті ең алғаш Р. Гук қолданған. Ғалым ағаш қабығының ішкі қабатының қимасын қарап, оның жеке ұяшықтардан – жасушалардан тұратынын байқаған. Содан бері жасуша – биологиядағы негізгі түсініктердің бірі, себебі барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады. Ғалымдар жасушадан тыс тіршілік болмайтынын, яғни өсу, көбею, қоректену, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын анықтаған. Жасушаның құрылысы. Барлық өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлардың барлық жасушасы міндетті түрде үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұрады.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Цитоплазма – жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық, оның ішкі ортасы. Цитоплазмада ядро, жасушаның басқа ұсақ бөлшектері мен құрылымдары болады.
Ядро – жасушаның маңызды бөлігі; ядросыз көбею жүзеге аспайды. Ядро көбеюге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ол жасуша тіршілігін басқарады.
Ұлпа түсінігі. Біздің ғаламшарымызда бірінші рет ең қарапайым жануарлар: ядросыз прокариоттар – бактериялар пайда болды. Ұзақ уақыт ішінде біртіндеп едәуір жоғары құрылымды прокариоттардан қарапайым біржасушалы эукариоттар – протистер түзілді. Біржасушалы эукариоттардан көпжасушалы ағзалар (өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар) түзілді. Айналамыздан көретін барлық тірі ағзалар – бұлар көпжасушалы эукариоттар.
Эволюция барысында миллиардтаған жыл ішінде көпжасушалы ағзалардың біртипті жасушалары ұлпа түзеді. Ұлпа (ткань) – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас, тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы. Ұлпадағы барлық жасушалар бір типті, бірдей тіршілік әрекеті үдерістеріне қабілетті. Бұл оларға бірыңғай қызмет атқаруға және әсерге бірдей реакция көрсетуге мүмкіндік береді.
Жасушадан мүшеге. Жануарлар ағзасында жеке мүшелер бар. Тек жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де мүшелер бар. Өсімдік мүшелеріне сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым жатады. Мүше – тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі. Өсімдік және жануар мүшелері ұлпалардан тұрады.
Мүшелер атқаратын қызметтері бойынша мүшелер жүйелеріне бірігеді. Мысалы, ми жұлынмен және бүкіл денеде орналасқан жүйкелермен бірге жүйке жүйесіне бірігеді.Осындай құрылымына байланысты тірі ағзалар тұтас жүйе ретінде болады. Біздің денеміз үйлесімді жұмыс істейді, жай қимыл жасау үшін жүйкелер, бұлшық еттер, оларды оттекпен қамтамасыз ететін қан мен ұлпа, сүйек т.б. қатысады. Кез келген ағза құрылымының жалпы сызбасы: жасуша  ұлпа 
мүше  мүшелер жүйесі  тұтас ағза (көпжасушалы).
Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Ұқсас жасушалар ұлпаларға бірігеді, ал ұлпалардан мүшелер тұрады. Олар атқаратын қызметі бойынша мүшелер жүйелеріне бірігеді.
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет