Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін, мармозетканың суретін интербелсенді тақтадан көрсету. Тосыннан келген сұрақ арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа білімді меңгеруге дайындау.
Топқа бөлу «ClassDoja» бағдарламасы арқылы топ мүшелерін кездейсоқ таңдау арқылы 3 топқа бөлемін.
1 топ, 2 топ, 3 топ.
«ClassDoja» бағдарламасы арқылы сабағыңызды жүргізсеңіз, сабақ қызықты әрі нәтижелі болады
Мармозетканың суреті
https://teach.classdojo.com
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Берілген көрсетілім (презентация) арқылы сабақты ашып, бастап берсеңіз болады.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Экология – тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология бөлімі. Барлық тірі ағзалар қоршағантабиғи ортасыз тіршілік ете алмайды. Ал табиғат жанды және жансыз заттардан тұрады,сондықтан барлық экологиялық факторлар негізгі екі топқа бөлінеді. Табиғаттың жансыз құрамбөліктерінің (компонент) әсерін біріктіретін факторлар абиотикалық деп аталады. Оған ауатем- пературасы мен ылғалдылық, жергілікті жер бедері, климат ерекшелігі, ылғалдылық (өзен, көл және т.б.) болуы т.б. жатады. Абиотикалық факторларға жергілікті жерге тән жансыз табиғаттың барлық басқа көрсеткіштері кіреді.Биотикалық экологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі.
Адам да – тірі ағза. Бірақ адамның табиғатқа әсері соңғы 200 жыл ішінде зор болды. Сондықтан адам іс-әрекеті жеке экологиялық фактор– антропогендік фактор ретінде қарастырыла бастады. Осыған бай- ланысты заманауи экологияда экологиялық факторлардың үш тобын:абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды ажыра- тады. Біз солардың ішінде бірінші факторды қарастырайық
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.