Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
МІ және Г кафедрасы
Зертханалық жұмыс №1
Пәні: Геодезия
Тақырыбы: Жергілікті жер бедерін горизонтальдармен бейнелеу
Қабылдаған: Рымқұлова А. Б.
Орындаған: Қалтаева А. А.
Тобы: ЦАФ-20-1
Қарағанды – 2020
Жұмыстың мақсаты: берілген биіктік нүктелерді өзаралық интерполяциялау арқылы горизонталь иректерін жүргізуге машықтану, жер бедері кескінін салу, профиль салуды білу.
Керекті құрал-жабдықтар: тапсырма-қағаз, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түйреуіш, 10х10 аумақты мөлдір қағаз (калька).
Жұмыстың орындалу жоспары:
Жер бедері қаңқасын құру;
Параллель сызықты палетка дайындау;
Биіктерді интерполяциялау;
Горизонталь иректерін жүргізу. Жер бедерінің кескінін алу;
Профиль салу
Жергілікті жер бедерін горизантальдармен бейнелеу
Геодезия – жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Жер бедері(рельеф) – жер беті ойлы-қырлылығының жиынтығы. Оның табиғи көрінісі жазық, тау(төбе), қазан шұңқыр(ойпаң), жота(жон, қырат), алқап(қойнау, өзек, жыра), белес сияқты болады. Жер бедері геодезиялық құжатнамада (карта, план, профиль) кескінделу керек. Егер, жер бедері геодезиялық құжатнамада кескінделмесе, жер бетін игеру және оны халық қажеттілігіне пайдалану мүмкін емес.
Жер бедерін кейбір түсініктері – рельеф деп атайды. Рельеф дегеніміз – Жер бетінің сыртқы бейнесін айтамыз. Жер бедерінің әртүрлі болуымен байланысты рельефтің формалары пайда болады. Рельефтің құрылысы және даму тарихы, қазіргі жер бедеріне сипаттама жасайтын ғылым- геоморфология деп. атаймыз.Геоморфология-грекше”gе”-жер; “mоrрhе-” форма деген мағына береді.
Жер бедерін кескіндеудің геодезиялық тәсілі горизанталь иректерін алумен байланысты. Горизанталь деп биікті бір деңгейде орналасқан жер беті нүктелерін өзара тұйықтаудан ирелеңдеп шығатын ирек сызықты атайды. Қабаттас қима жазықтар аралығындағы тіке қашықтық жер бедерінің қима биіктігі, қатарлас горизанталь иректері аралығындағы көлденең қашықтығы салынды, арасындағы сүйір бұрыш еңістік деп аталады.
Биіктіктерді интерпояциялау дегеніміз биіктігі қима биіктікке еселі нүктелерді табу. Оның екі тәсілі бар: графикалық және аналитикалық.
Профиль – жер бедерінің тіке тіліктегі көрінісі.
Горизонталь иректеріне тән мынадай қасиеттерді анықтауға болады:
Әрбір горизанталь белгілі бір биіктікке ғана ие. Горизанталь иректері өзара қима биіктік шамасына өзгешеленеді.
Қатарлас жатқан горизанталь иректері өзара неғұрлым жақын орналасса, соғұрлым беткейдің тіке болғаны.Керісінше, олар өзара неғұрлым алшақ орналасса, онда жер бедерін тау,төбе,жота,жон,қырат тұрпаты болғаны.
.Беткейдің ылдилау бағыты арнаулы еңкеріс (бергштрих) сызықшасымен (ұзындығы 0,3мм) белгіленеді. Топокарта немесе топопланда жер бедері тұрпаты осы еңкеріс белгісі арқылы ажыратылады. Егер ол горизанталь ирегіне сырттай орналасса, онда жер бедерін тау,төбе,жота,жон,қырат тұрпаты болғаны, керісінше, егер ол іштей орналасса, онда жер бедерінің қазаншұңқыр, ойпаң,алқап,қойнау,өзек,жыра тұрпаты болғаны.
Горизанталь иректері өзара қиылыспайды.Олардың көрнектілігі қоңыр түспен белгіленеді.
Жер бедеріне тән айрықша нүктелер мен сызықтар бар.Төбе басы, қазаншұңқыр түбі,беткей аралық иілу нүктелері болса, суайрық пен суағар-айрықша сызықтары болмақшы. Жотаның ең жоғарғы орналасқан нүктелерін өзара жалғастырушы сызықтар суайрық,ал қойнаудың ең төмен орналасқан нүктелерін жалғастырушы сызық суағар деп аталады.
Интерполяция – математикалық статистикада шаманың қайсыбір белгілі мәндері арқылы оның аралық мәндерін табу. Интерполяциялау сандық және графиктік болып ажыратылады.
Сандық интерполяциялау математикада, жер қойнауы геометриясында, математикалық статистикада, ал графиктік интерполяциялау геодезияда жер бедерін горизонтальдар арқылы бейнелеуде көп қолданылады.
Биіктерді интерполциялау дегеніміз биіктігі қима биіктікке еселі нүктелерді табу. Оның ек тәсілі бар: графикалық және аналитикалық
Достарыңызбен бөлісу: |