(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)
Тірі ағзалар патшалығын сипаттаңдар.
Жүйелеу маңызы туралы айтыңдар, оның мақсаты мен міндетін нақты- лаңдар.
Қолдану Тіршілікдүниесініңжалпысипаттамасы.Ең ірі көпшілік мойындаған жүйелеу категорияға патшалық жатады. Сендер осы оқу жылында тіршіліктіңнегізгі5патшалығы:прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарларментанысасыңдар.
Прокариоттарғабарлық бактериялар жатады. Олардың басты ерекшелігі – жасуша- ларында ядро жоқ. Сондықтан латынша pro – алдыңғы, бұрынғы және kargon – ядро деген атаудан алынған. Сөзбе-сөз мағынасы – про- кариоттар ядроға дейінгі ағзалар. Олар біздің ғаламшарымызда ең бірінші пайда болды. Шамамен эволюция барысында олардан едәуіржетілген ядролық ағзалар – эукариоттар: саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар түзілген.
Барлық бактериялар – прокариоттар бір жасушадан тұрады. Олар колония – жасушалартоптары түрінде болуы мүмкін.
Бірақ олардың денелері көптеген жасуша- лардан тұрмайды. Яғни прокариоттар ешқашан көпжасушалы болмайды. Жануарлар,өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың денелері бір жасуша- дан да, көптеген жасушалардан да тұрады. Өсімдіктер патшалығына жасыл зат – хлорофиллкөмегіменжарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар жатады. Өсімдіктерқозғалмайды, сондықтан олар бүкіл тіршілік бойыөседі.Олардыңжасушаларының құрылысының ерекшелігі туралы келесі бөлімде
қарастырамыз.
Жануарлар патшалығына жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар жатады. Олар құрамында қоректік заттар: нәруыздар, май- лар мен көмірсулар бар қоректі қажетсінеді. Жануарлар қозғалғыш, осы үдерісіне көп энергия жұмсайды. Өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылығы туралы кейін қарастырамыз.