Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар және тестілер



бет85/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115
Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар және тестілер – ми жасушалары арасындағы байланысты нығайту, жаңа байланыстар жасау және есте сақтауды жақсарту әдістері. Бұл – қызық әрі өнімді іс.Ми жасушалары арасындағы байланыс жаңа нәрсені білгенде немесе жаңа тәжірибе алғанда жақсара түседі.
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар:
1. Жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін жағымды факторларды сипаттаңдар.
2. Жүйке жүйесінің жұмысына жағымсыз әсер ететін факторларды сипаттаңдар.
3. Жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін жағымды факторлардың маңы- зын түсіндіріңдер және оның салдарын бағалаңдар.
4. Жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін жағымсыз факторлардың маңызын түсіндіріңдер және оның салдарын бағалаңдар.

Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.



Ортасы
10 минут

Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Жүйке жүйесіне әсер ететін жағымсыз факторлар. Спиртті ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Спиртті ішімдіктерге мидың нәзік жүйке жасушалары өте сезімтал. Қанның құрамындағы спирттің тіпті аздаған мөлшерінің өзі алдымен жасушаларды наркоз күйіне келтіреді, содан кейін улайды. Ал созылмалы маскүнемдік болған жағдайда ми жасушаларының бір бөлігі өледі. Нәтижесінде мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, зейін, ойлау процестеріне зақым келеді. Спиртті ішімдік бүкіл мүшелерге кері әсер етеді. Ол қандағы ге- моглобин мөлшерін төмендетеді, эритроциттерді бұзады, организмдегі витаминдердің сіңірілуін азайтады, асқазан мен өңештің сілемейлі қабығына зиян келтіреді, жүрек бұлшық еттерінің май басып, оның дұрыс қызмет атқаруына кедергі жасайды. Жас адамның организмі спиртті ішімдікке ерекше сезімтал болып, аз мөлшердің өзі жас организмді улауға жеткілікті болады. Мас болу ішімдіктің қандағы концентрациясына тікелей байланысты. Ішімдік мөлшері қанда неғұрлым көп болса, ми қыртысы соғұрлым мидың басқа бөлімдерін басқара алмайды.
Ішімдікті үнемі пайдаланатын адамдар маскүнемдік ауруына шалдығады. Жасалған қылмыстардың 50%-ы спиртті ішімдік ішумен байланысты екені дәлелденген. Маскүнемдер отбасы қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейді. Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмейді, жұмыс істеуге ынтасы болмайды.
Темекі шегу де жоғары жүйке жүйесінің әрекетіне зиян келтіреді. Никотин – қан тамырларын күрт тарылтып, қан қысымын арттыратын күшті у. Никотин миға зиянды әсер етеді, есті және зейінді нашарлата- ды, жасына жетпей қартаюға себепші болады. Темекі шегу, әсіресе жас ағза үшін өте қауіпті. Бірде-бір темекі зиян келтірмей қоймайды. Темекі шегуді бала жастан бастаған адам ағзаға соншалықты зиян келтіреді. Адам денсаулығына және бүкіл қоғамға есірткілік заттарды пай- далану өте қауіпті болып саналады. Есірткілік заттар миды улайды. Есірткі пайдаланатын адамдардың жоғары жүйке әрекетіне – ойлау, есте сақтау, зейін, сөйлесу процестеріне зиян келеді. Мұндай адам жігерсіз болып, өз әрекетіне жауап бермейді. Көптеген елдерде есірткілік заттарды ұстау және оны тарату қатаң түрде заңмен қудаланады. Жоғары жүйке әрекетінің қалыпты болуы – адам денсаулығының басты көрсеткіші. Жоғары жүйке әрекетінің зақымдануына жол бермеудің басты шарты – саламатты өмір сүру салтын ұстану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет