САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс:
|
1
|
Топ:
|
№101
|
Сабақ
нөмірі
(пара)
|
127-128
|
Мамандық/
біліктілік:
|
1513000 «Ветеринария»
1513063 «Ветеринарлық-техник»
|
Пән/модуль атауы:
|
Математика
|
Сабақ тақырыбы:
|
Дененің көлемі.Призманың көлемі.
|
Күні:
|
«24» 04.2020 ж.
|
Ұзақтығы:
|
(30 мин)
|
Өткізу орны:
|
№15 аудитория
|
Сабақ мақсаты:
|
Білім алушыларға көлемнің негізгі қасиеттерімен ,кавальери принципімен таныстыру, призма түріне қарай көлемдерінің жалпы формуласын білу және олардың элементтері арқылы есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
|
Сабақ міндеті:
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелілік:
|
Білім алушыларға көлемнің негізгі қасиеттерімен ,Кавальери принципімен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.
Білім алушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Білім алушылар призманы бейнелей алады, призманың көлемін таба алады.
|
Сабақ типі:
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар: Постер қорғау, топтық тапсырмалар орындау арқылы...
|
|
Қажетті құралдар мен жабдықтар:
|
Плакат, маркер,стикер, суреттер макеттер, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақтары, кеспе қағаз.
|
Қосымша ақпарат көзі (әдебиет):
|
Интернеттен мәліметтер
|
Оқытушы туралы ақпарат:
|
Т.А.Ә.: Карасаева С.К.
|
Тел.: 87753785875
E-mail:sarbinas.karasaeva@bk.ru
|
Сабақ барысы
|
Уақыт (минут)
|
Оқытушыәрекеті
|
Білім алушы
ныңәрекеті
|
Оқыту ресурстары мен материалдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
2 минут
|
Студенттермен амандасу, түгелдеу.
|
Білім алушылар амандасады,
|
|
2.Үй жұмысын жан жақты тексеру
|
3 минут
|
«Кім көп біледі?» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
|
Ауызша сұрақтарға жауап береді
|
Дәптер, қалам
|
3.ББД жан жақты тексеру кезеңі
|
|
|
|
|
4.Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеру дайындық кезеңі
|
|
|
|
|
5.Жаңа білімді қабылдау кезеңі
|
15 минут
|
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесін түсіндіру.
Бейне баянға назар аудару
|
Тыңдайды, жазады.
Көреді,тыңдайды
|
Оқулық,қалам
дәптер.
|
6.Жаңа материалды
білім алушының
түсінуін тексеру кезеңі
|
4
минут
|
«Ыстық орындық» ойыны арқылы жаңа материалды түсінуін тексеру
Есептер шығару
|
Дәптерге жазып шығарады.
|
Орындық
Дәптер , қалам
|
7. Жаңа материалды
бекіту кезеңі
|
3 минут
|
Бекіту сұрақтары
|
Ауызша жауап береді.
|
|
8.Білім алушыларды
Үй жұмысын орындау
туралы ақпараттандыру, олардыбойыншанұсқаулықкезеңі
|
1
минут
|
8.1-8.3 тақырып.
|
Үйге берілген тапсырманы орындау, іздену
|
Қосымша ізденіп келу
|
9.Сабақты қорытындылау
|
2 минут
|
Білім алушыларды бағалау
|
|
|
Көлем туралы жалпы мағлұматтар. Кавальери принципі.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Көлемнің негізгі қасиеттері:
1.Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.
2. Тең фигуралардың көлемдері де тең
3.Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болады.
4. Көлемдердің өлшем бірлігі ретінде қырының ұзындығы е-ге тең кубтың көлемі алынады, ол е3 деп белгіленеді.
Теорема. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.
V═авс, мұндағы а, в, с –тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері.
Қыры а болатын кубтың көлемі а3-қа тең, мұндағы а – кубтың қыры.
Кавальери принципі: бізге F1 және F2 фигуралары мен α жазықтығы берілсін. Егер α жазықтығына параллель әрбір жазықтық фигуралардың бірін қиып өткенде екіншісін де қиып өтсе және берілген фигураларда пайда болған қималардың аудандары тең болса, онда берілген фигуралардың көлемдері тең болады.
Призманың көлемі.
Анықтама. Призманың көлденең қимасы деп призма мен оның табанына параллель жазықтықтың қиылысуы аталады.
Үшбұрышты призманың көлденең кимасының қасиеті:
17-теорема . Үшбұрышты призманың көлденең қималарының бәрі де оның табанына тең.
Призманың көлденең кималары аудандарының қасиеті:
18-теорема. Призманың барлық көлденең қималарының аудандары тең.
19- теорема. Призманың көлемі оның табаны мен биіктігінің көбеітіндісіне тең.
V═ Sтаб∙Н, мұндағы S-призма табанының ауданы, ал Н-призманың биіктігі
Есептер шығару.
Бекіту:
1.Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.
2.Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?
3. Кавальери принципін тұжырымда
4.Призманың көлденең қимасы деген не?
5.Үшбұрышты призманың көлденең кимасының қасиетін тұжырымда
6.Призманың көлденең кималары аудандарының қасиетін тұжырымда
7.Призманың көлемінің формуласы?
Үй тапсырмасы: 8.1- 8.3. тақырып.
Достарыңызбен бөлісу: |