Сабақ Ойнайық та, ойлайық 1 «Б» сыныбы Мұғалімі: Аптиханова Л. Б



Дата25.11.2019
өлшемі46 Kb.
#52433
Байланысты:
Ашық сабақ 1

Н.Ахмадеева атындағы

№112 орта мектеп

Ашық сабақ

Ойнайық та, ойлайық

1 «Б» сыныбы

Мұғалімі: Аптиханова Л.Б.

2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: Ойлайық та, ойнайық!

Мақсаты: 1. Білімділік: Сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.

2. Дамытушылық:Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, жұптық, топтық тапсырмаларды орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта Әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, сәйкестендіру.

Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз:
Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап.
Әр қиямға салған шақ,
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған.

Құрметті ұстаздар « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей «Ойнайық та, ойлайық!» тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Қайырлы күн,достар!

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

Сайысқа қатысатын оқушылар өз топтарын таныстырады.

«Алғырлар» тобы

Күннің нұры сөнбесін, Ашық аспан,бейбіт күн. Жаңа ғасырда сөйлесін, Болашағы қазақтың. «Білгірлер» тобы Келешегі қазақтың Басталады біздерден. Жақсы білім көрімдік Болсын сізге халайық «Тапқырлар» тобы Ойға толып санамыз Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз

Бүгін 1 «Б» сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең тапқыр оқушысын анықтамақпыз.

Әр топтағы оқушылардың дұрыс жауаптарына бір ұпай беріліп отырады. Сайыс соңында ұпай сандарын есептейміз.

Сонымен, балалар дайын болсақ, мен сендерге бүгінгі ойынның кезеңдерін айтып өтейін.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!» 

ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»

ІІІ айналым «Есепте»

ІV айналым «Төлдеріне қос»

Ойын шарттарымен таныс болдық , ендеше  «Тездет, бірақ қателеспе!»  І айналымға кезек берейік.



І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»

Шарты: «Тездет, бірақ қателеспе!» айналымындағы сұрақтар біз өткен тақырыптар бойынша беріледі. Сендер ойланып, тек дұрыс жауабында ғана айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қане, ойын шарты түсінікті болса, бастайық. Барлықтарына іске сәт тілеймін.



Сұрақтар:

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? /Дыбыстар 2 – ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз / 2. Табиғат нешеге бөлінеді? /Табиғат 2 – ге бөлінеді: тірі және өлі / 3. Кітапхана деген сөзде неше буын бар? /4 буын/ 4. Қазір жылдың қай мезгілі?

/күз/

5.Бір аптада неше күн бар?



/Бір аптада жеті күн/

5. Екі қоянда неше құлақ бар?

/төрт құлақ/

6. 5 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?

7. Ағылшын тілінде көк түс қалай айтылады?

8. Орыс тілінде ақ түс қалай айтылады?

9. 10-ға дейін ағылшынша сана.

10. Мына мақсалды аяқта.

/Ас атасы-нан./ Жарайсыңдар балақайлар, ендеше бұл айналымның ұпай сандарын қорыта кетейік. ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»

Бұл кезеңде сендер қима суреттерді құрастыра отырып топта әңгімелейсіңдер.



ІІІ айналым «Есепте»

Берілген тапсырмалар топта орындалып, екі оқушы шығып айтып береді.



ІV айналым «Төлдеріне қос»

Оқушылар тапсырманы екеуара орындайды. Орындалған жұмыстар әр топтағы оқушылардан сұралады.



Үш топтың жинаған ұпайлары мен сайысқа дұрыс жауап бере отырып, белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет