Ө.Тұрманжанов (1905ж – 1978ж) Ө. Тұрманжановтың балалар әдебиеті саласында көтерген үлкен тақырыбы – балаларды еңбекке баулитын, еңбек зейнетін суреттейтін өлеңдері. Еңбекке деген әркімнің әр қилы көзқарасын және соған тікелей қатысуын Өтебай әр алуан тәсілдермен суреттелетін кішкентай кейіпкерлері арқылы танытады.
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында1911 жылы туды.Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды.
Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.
Қ.Аманжолов өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу
Отан соғысы жылдарынан кейін балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған.Сондай тақырыптарда бірнеше шығармалар жазған көрнекті қаламгерлеріміздің бірі Қасым Аманжолов.
Ақынның өлендері 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің «Чаадаевқа», «Еркіндік» өлеңдерін, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың, «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен» өлеңдерін аударған.
Қазіргі кезде қазақ кеңес балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атаған болар едік. Сапарғали — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, сонын тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы.Сапарғали Бегалиннін балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар.
С.Бегалин (1895ж – 1983ж) Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың алуан түрлі байлығымен танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады. Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып Бүкіл одактық бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн.