Іс-тәжірибемнен көрініс - Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының бірі Лұхман хәкімнің әңгімелерінің мазмұнын, идеялық мәнін ашады, меңгереді;
- Адам өміріне қуат берер қолданыстар мен ой оралымдары, олардың сауатты құрылуы мен қолданылу аясы жөнінде оқушыға жан – жақты түсінік беруге мүмкіндік тудырылады, формативті бағалау арқылы баланың өзінше бір құбылыс иесі екенін түсінеді.
- Формативті бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейі анықталады, тапсырманың түрленуіне қарай қорытынды жасауға үйренеді.Оқушылардың бір-біріне деген көзқарастары өзгереді.
- Бағалау арқылы оқушылар өздерінің білімдерінің қандай сатыда тұрғанын,қандай бағытта даму керектігін және қажетті деңгейге қалай жету керектігін түсінеді.
- І Ойқозғау
- -Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар?
- -Табиғат, жаратылыс туралы,пайғамбарлар жайында қандай әңгімелер оқыдық?
- ІІ.Қызығушылықты ояту
- Әр топқа әңгіме мазмұны не жайлы екенін елестету үшін тірек сөздер беру, өз ойларын жазғызу.
- 1-топ «Бірінші әңгіме» Тірек сөздер: Лұқман, қарыз, құс, мың алтын.
- 2-топ «Екінші әңгіме» Тірек сөздер: Лұқман, қожа, ет, тіл, жүрек.
- 3-топ «Үшінші әңгіме» Тірек сөздер: Лұқман, патша, құдық, зындан, құрма, сыйлық.
- ІІІ Сұрақ – жауап
- 1. Әңгіме саған несімен ұнады?
- 2. Лұқман хакімдей адамға қазіргі кезде қиянат жасала ма?
- 3. Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
- Лұқман хакім қандай адам?
- V.Қорытынды
- Бүгін сабақ мен үшін... Неге үйрендім?
- Л-Лұқман хакімдей адал, қамқор жанның өмірде болғанын түсіндім.
- Ұ-
- Қ-
- М-
- А-
- Н-
Достарыңызбен бөлісу: |