Ашық сабақ
Орындаған: Шинтемирова Зәуре Пірманбекқызы
Сабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов « Ақбілек» романы
Сабақтың мақсаты: 1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылы-
нан мағлұмат беру . 2. «Ақбілек» романын өмірмен байланыстыра отырып,мазмұнын ашу3.Оқушылардың ой өрісін кеңейту,тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың өту әдісі: БиС технологиясы,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сөздер, топтастыру әдісі,т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, тіл
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы санын түгендеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
Үйге «Қамар сұлу»романы берілген. Сол романды оқи отырып ,біздің бойымызда бір сезім туады. Ол психологиялық сезімдер. Атап айтсақ, елестету,сүйсіну,жек көру,жаны ашу,өкініш,таңдану. Осыларды негізге ала отырып мына тірек сөздер бойынша жауап береді.
Тірек сөздер
Елестету
Сүйсіну
Жек көру
Жаны ашу
Өкініш
Таңдану
1.Романды оқи отырып қандай оқиғаны елестете аламыз?
2.Кімге , неге сүйсінеміз?
3.Кімді,нені жек көреміз?
4.Кімге жанымыз ашиды?
5.Қандай оқиғаға,неге өкінеміз?
6.Романның қандай ерекшеліктері бар? Неге таңданасың?
Міне, балалар романды оқи отырып,қазақ халқының ХХ – ғасыр басындағы тыныс тіршілігінен мағлұмат алдық. Адам тағдыры кез-келген уақытта да басты мәселенің бірі екендігін ұқтық,түйсіндік. Олай болса Сұлтанмахмұт Торайғыров- адам құқын қорғаушы, азат өмірді аңсаушы десек те болады.
Жаңа сабақты түсіндіру
1.Ж.Аймауытов кім? (топтастыру әдісін оқушылар сызады)
2.Ж.Аймауытов қай жылы қай жерде дүниеге келді?
3.Ж.Аймауытовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ақбілек» романы шоқтығы биік шығармасы.Ол сол кездегі қазақ прозасының романының асқан биігі іспеттес.Бұл роман Алтай аймағына,дәлірек айтқанда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанда жазылған.
Тірек сөздер бойынша жаңа сабақты түсіндіру
1.Ақбілектің анасының оққа ұшуы
2.Мұқаш
3.Мамырбайдың баласы
4.Қасықтай қанымды қи!
5.Алды қараңғы түн.
6.Аман қалды
7.Өмір тасқыны
Сұрақ қою жүйесі бойынша талдау.Топтық жұмыс жүргізу
1.Осы шығарманың басты кейіпкері Ақбілек өз бақытына жете алды ма?
2.Ақбілек өміріндегі Бекболат пен Балташтың рөлі қандай?
3.Романның бас кейіпкері Ақбілек қандай мінез,іс – әрекеттерімен көрінеді? Оған ұқсас қандай кейіпкерлерді білесің бе?
Венн диаграммасы
Ақбілек ұқсастығы Қамар
Деңгейлік тапсырма
Ақбілек пен Қамардың аналарының бейнелерін суреттеу, мінездеме беру Венн диаграммасын сызу
Ақбілектің анасы Қамардың анасы
Ана қандай болу керек? Топтастыру әдісін сызу
Шығармадан жағымды , жағымсыз кейіпкерлерді табу
Қарама – қарсы элементтерді пайдалану
Пікірталас ұйымдастыру
1.Ақбілекке қарап бұрынғы қазақ қыздары қандай болды деп ойлайсыңдар?
2.Қазіргі қазақ қыздары қандай?
3.Романда ақын қандай мәселені көтереді?
Үйге тапсырма «Ақбілек» романын оқу.
Қорытынды , бағалау: Оқушыларды өз еңбектеріне қарай бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |