Мақсатты тұжырымдау Мұғалім: Халық даналығы:
«Орманда бір адам артында – із, 100 адам – соқпақ, ал мың адам – шөл қалдырады» дейді. Жер – біз өмір сүріп жатқан Жасыл үй.
Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не туралы айтатын боламыз?
Оқушылармен бірге мұғалім сабақтың мақсатын анықтайды:
– Біз табиғатта өзін-өзі ұстаудың ережесін сақтау қажеттілігін түсіндіруді үйренеміз.
Оқушылардың жауаптары
Ортасы
Мұғалім: – «Егер табиғатқа қонаққа барсаң, қонақта әдепсіздік болып саналатындай ештеңе істеме» деген жақсы сөздер бар. Бұл сөздерді қалай түсінуге болады?
Сонымен сен табиғатқа қонаққа келдің...
«Қатені түсін»тәсілінің көмегімен проблемалық жағдай тудыру.
– Жексенбі күні балалардың орманда қалай демалғаны туралы әңгімені тыңдаңдар.
Балалар орманға үлкендерсіз келді. Үлкен алаңқайға келе жатып, олар қатты музыка тыңдады. Тоқтаған жерде бұтақтарды сындырып, әрең
Ойларымен бөліседі.
Оқушылардың жауаптары.
Оқулық
от жақты. Ойнады, тамақ ішті. Пакеттер мен құтыларды шашып тастап, тоқ, көңілді күйде үйге қайтты. От жаққан жердегі шоқтар жылтырап жатты. Алаңқайда
кішкентай кірпіні тауып алып, анасы тастап кеткен болар деп, өздерімен ала кетті. Құшақ-құшақ орман және дала гүлдерін жинап алған балалар үйлеріне қайтты.
Қалай ойлайсыңдар, балалар
табиғатта өздерін дұрыс ұстады ма?
Өздерін дұрыс ұстау үшін нені білу керек?
Ж.Ұ. – Балалар, табиғатқа қонаққа келгенімізде, қонақта екенімізді ұмытпайық!
Біз тұрғындары мен ережелері көп бөтен үйдеміз. Біздің Жасыл үйдегі өзіңді ұстау ережелерімен танысу үшін табиғатқа экскурсияға шығамыз.
Ең алдымен біз жолға жиналуымыз керек.