Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет9/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






ерекше мән беріп, оған Жетіқарақшы деген атау берген. Олар осы Жетіқарақшыны өздерінің сызбаларына бейнелеген.

Бір Жұлдызшы аспанда ерекше жұлдыз барын, ол жұлдыз адамға бағыт беріп отыратынын айтқан болатын. Ол жұлдызды Темірқазық деп атайды.

Оны аспаннан қалай табуға болады?

– Жоғарыда айтылған Үлкен Жетіқарақшының қасында Кіші аю шоқжұлдызы орналасқан. Темірқазық Кіші аю жұлдыздар тобында орналасқан.


(Т) Оқулықтағы «Жұлдызға қарап бағдарлау» мәтінін оқып үйренеміз.
Жұлдызшыдан келіп түскен жаңалықтар.

Айға қарап бағдарлау.

Айдың фазасы белгілі болса, онда Айға қарап әлемнің тұстарын анықтау қиынға соқпайды. Жаңа туған айдың орағы аспанның батыс бөлігінде, кеміп келе жатқан айдың орағы аспанның шығыс бөлігінде орналасады. Кешкі уақытта Айдың бірінші ширегі оңтүстік тұста орналасады. Толған ай тәуліктің бірінші сағатында оңтүстік тұста, сондай-ақ, сағат таңғы 7-де Айдың үшінші ширегі де оңтүстік тұста болады.


Мұғалім: Сендер қиялдағанды жақсы көресіңдер ме?

(Т) Оқулықтағы «Өзіңнің сүйікті кейіпкеріңнің саяхаты жайлы әңгіме құрау» тапсырмасын орындау

Жұмыстарды көрсету.



(Ж) «Пікірлердің атысы».

Оқулықтағы «Дәлелдер тап» тапсырмасын орындау

Аспан денелерінің суреті


Оқулық


Рефлексия

(Т) «Пікір алмасайық»

А 3 парақтары.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Әр алуан тапсырмаларды» үйден қарап келу

Оқулық




Мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану № 17 сабақ

Ортақ тақырып: Өнер Бөлімше: Менің отбасым



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Тақырып:

Менің отбасымның рухани құндылықтары

Оқыту мақсаты

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • «жылы ұя», «отбасы» түсініктерінің мағынасын ашады;

  • туғандарына, жақындарына қамқорлық танытуға тырысады.

Көптеген оқушылар:

  • отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;

  • отбасылық құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін түсінеді.

Кейбір оқушылар: өз отбасының өткен өмірін «көре» біледі; өзінің болашақта құратын отбасы туралы

ойланады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

өзінің пікірін дәлелдей алады; жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; отбасылық мұрағаттан алынған ақпаратты қолданады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мемлекет, отбасы, құндылықтар, естеліктер. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Отбасы дегеніміз – ұрпақтар байланысы.

Құндылық – маңыздылық, игілік, пайдалылық (С.И. Ожеговтың сөздігінен).



Талқыланатын мәселелер:

  • Қандай маңызды қасиеттер отбасын нығайта түседі?

  • Отбасылық құндылықтар дегеніміз не?

  • Қоғамның негізі ретінде отбасының маңызы неде?

Жазылым:

Отбасының дәстүрлері туралы әңгіме құрастыру.



Алдыңғы білімдер

Менің отбасым

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Кәне, бәріміз бір уақытта бір-бірімізбен қол ұстасайықшы! Міне, керемет болды! Бір-біріңнің алақандарыңды сезініңдер. Олар қандай? (жылы, жұмсақ, нәзік, берік). Қолдарыңды жіберместен, мына керемет әнді тыңдаңдар.

Аудиожазба (туған үй, отбасы туралы өлең)





  • Ал енді қолдарыңды ажыратпастан, жоғары көтеріңдер. Не шықты? (үйлер, үйлердің шатырлары). Мұның бәрі кездейсоқ емес. Осы жайында біз сендермен әңгімелесетін боламыз, бірақ ол үшін өз орындарыңа отырып, ыңғайланып алуларың керек.

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қандай тақырыпты сөз ететін боламыз? (балалардың жауаптары)

  • «Үй» сөзін естігенде сендерде қандай ассоциациялар пайда болады?


МАХАББАТ АДАЛДЫҚ АТА-АНА
ЖЫЛУЛЫҚ ҚҰРМЕТ

ДОСТАР


КҮЛКІ ҚАМҚОРЛЫҚ
(Балалар «үй» сөзіне өз ассоциацияларын айтады, сосын тақтадағы кластермен салыстырады (Кластердегі сөздер жабық тұрады)

  • Біз нені атамай кеттік? (Отбасы) Оқулықтағы «Есіңде сақта!» айдары

Отбасы мүшелері туралы жұмбақтарды шешу (оқушылар өздері білетін жұмбақтарды оқиды)

Мұғалім:
Ол біздің – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз.

Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз.
Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз.

Еркелеп, ойнап, еліктеп,


Слайд


Слайдтар





Осында өсіп толамыз (Отбасы) /Естеу Нүсіпбеков/
Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан (Ана)
Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз Біз бүгін олардың арқасында. (Әке)


Дегенімді жасайтын Қалған тамағымды асайтын Ертіп алып жетектеп

«Немерем» – деп атайтын (Әже)

Айтары мол ғұлама Көп жасасын бұл адам, Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған (Ата)


Томпиған кішкентай балапан – Жүреді жерде еңбектеп.

Сүп-сүйкімді балақай.



(Іні)
Мені де, ағамды да жақсы көреді

Бірақ сәнденгенді көбірек жақсы көреді.

Өте сәнқой қыз. (Сіңлісі немесе қарындасы)









Анамның үлкен әпкесі Көңілді адам ол кісі.

Көргенде бізді күлімсіреп Сұрайды «Қалдарың қалай?» деп.



(Апа немесе әпке)
Мамамның әпкесімен Бірге келер қонаққа. Көлігімен кей кезде

Қыдыртар бізді әр жаққа (Жезде)


(Жұмбақтар оқылып жатқанда, отбасының барлық мүшелері бейнеленген суреттер экранға шығып отырады)
Тапсырмадағы П әріптерін сызып тастағанда қандай сөзді оқыдың? Есіңе сақта!

Дәптер


Жаңа сабақ

Мұғалім: Кішкене терезені ашып, онда не жазылғанын оқып көрейік.

Слайд

Оқулық
А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер, флипчарт, тақта



Дәптер

Оқулық





Құндылықтар дегеніміз не екен?




Адам өмірінде әлдебір дүниелерді ерекше бағалап, ерекше құрметтейді. Оларға айрықша




өмірлік мән береді. Оларды бір сөзбен құдылықтар деп атайды;




– маңыздылық, игілік, пайдалылық (С.И. Ожеговтың сөздігі)




«Ойлан» айдарындағы мәтінді оқу.




(Т) Тапсырма: отбасы мүшелері қандай сөздерді жазған? Оқулықтағы «Анықтауды үйрен»




айдары сендерге көмекке келеді («Ауысу» стратегиясы).




1) Топтар сұрақтарға жауап береді.




2) Мұғалімнің белгісінен кейін топтар орындарымен ауысады және басқа топтың жауабын




толықтырады.




3) Барлық жауаптарды талқылау және сұрақтың нақты жауабын көрсету.




Мұғалім: Отбасы дегеніміз – ұрпақтардың байланысы. Біреудің отбасы үлкен, біреудің отбасы




шағын болып келеді. Әр отбасының өзіне тән ерекше ахуалы, ұрпақтан ұрпаққа берілетін




өзінің отбасылық дәстүрлері, әдеттері, қызығушылықтары болады. Әр отбасының




ерекшеліктері бар.





(Ж) Оқулықтағы «Мен хикаяшымын» айдарындағы тапсырма.




Мұғалім: Бір шаңырақ астында өмір сүретін отбасы мүшелері ортақ шаруашылықты




жүргізеді, әрқайсысының, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз міндеттері бар.




  • Аналарың үйде немен айналысады, айтып беріңдерші (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал әкелерің үйде қандай жұмыстарды істейді? (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал аталарың мен әжелерің не істейді? (ата-әжесімен бірге тұратын оқушылар жауап береді)

  • Үйдегі бар шаруаны үлкендер жасаса, онда сендер немен айналысасыңдар? (ата- аналарымызға көмектесеміз, мектепте оқимыз).

(Т) Оқулықтағы «топта жұмыс жасау» тапсырмасы.

Оқулық, А 4 парақтары

Жұмыстарды көрсету.




Мұғалім: Отбасының пайда болу тарихы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. Отбасы мемлекет деген түсінік пайда болмай тұрғанда, өте ерте заманда пайда болды. Көп ғасырлық тарихында отбасы, әрине, өзгерді, бірақ мемлекеттер өзгергендей өзгерген жоқ. Неліктен отбасы институты өміршеңдік қасиетке ие болды? Себебі, өмірдің өзі қандай табиғи болса,

отбасы да сондай табиғи. Адамдардың өмірінде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы – ол құндылық. Осы құндылыққа біздің мемлекетіміз үнемі қолдау көрсетіп отырады. Үкімет мемлекетте өмір сүретін отбасыларға қамқорлық көрсетеді. Отбасыны қолдайтын, оған демеу беретін әртүрлі заңдарды қабылдайды.



Оқулықтағы «Есіңде сақта! Еліміздің заңдарын оқып білеміз» айдарын оқу.

Оқулық

Дәптер


Мұғалім: Махаббат, сүйіспеншілік – отбасының барлық мүшелерін біріктіретін ең басты




қасиет. Егер адам жақындарының тарапынан махаббат пен қамқорлықты сезінсе, кез келген




жағдайда отбасыдан көмек пен қолдау табатынын біледі. Өзін батыл, күшті сезінеді.




Отбасында отбасы мүшелері арасында жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік,




бауырмалдылық болса, онда ол отбасы мықты, ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын тату-




тәтті жанұяға айналады.




Мұғалім: Әр отбасының өз баспанасы бар. Мәселен, үй немесе пәтер. Ал сен болашақтағы өз




үйіңді, шамамен, 20-30 жылдан кейінгі баспанаңды қалай елестетесің? Суретін салып,




безендіріңдер.




Балалар сурет салады. Әсерлерімен бөліседі.




Рефлексия

(Т) Парталарыңдағы қағазда «Түрлі түсті отбасы» деген ертегі берілген. Осы ертегіні

аяқтауларың керек.



Карточкалар, маркерлер





Бір қораптың ішінде өзге қарындаштармен бірге кішкентай қарындаш дүниеге келіпті. Үлкен қарындаштар – анасы, әкесі, әжесі, атасы – түрлі түсті қарындаштар болыпты. Әрқайсысының өз түсі бар екен. Ал кішкентай қарындашта әлі түс болған жоқ. Оған түрлі түсті болу әлі алда еді. Күн сайын көк түсті анасы оған көк түсті болуды үйретті. Қызыл түсті әкесі қызыл түсті

болуды үйретті. Себебі қызыл түсті әдемі суреттер салғанда жиі таңдайтынын айтты. Сары түсті атасы барлығына сары түстің маңызды екенін айтып, олармен сөз таластырды. Ал жасыл түсті әжесі немересін қолынан алып жүретін болды. Кішкентай қарындаш кей кездерде жасыл түсті болып көрініп жүрді. Осылайша күн артынан күн өте берді. Бір күні ...



Жұмысты орындау және таныстыру.

Қорытынды: Барлығың да отбасында өмір сүресіңдер. Сендердің де отбасыларың түрлі түсті қарындаштары бар қорап секілді. Ата-аналарың, отбасының басқа да мүшелері саған «өзінің түсін», яғни, өзінің құндылықтарын сенің бойыңа сіңдіргісі келеді. Осылайша жақын

адамдарыңнан алған қасиеттер сенің бойыңда өмір сүреді. Отбасының бақыты махаббат, еңбек, мейірімділік, денсаулық секілді құндылықтарға байланысты.


Дәптер


Үй тапсырмасы

Мұғалім: Әр отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Отбасылық альбомдарды құрастыру және оларды сақтау дәстүрі әр отбасында бар. Фотосуреттер қымбат адамдарымыз жайлы, өмірімізде болған оқиғалар жайлы естеліктерді мәңгі есте қалдырады.

Оқулықтағы «Отбасылық фотосуреттерді қараймыз» тапсырмасын орындау.

Оқулық

А 4. парақтары






Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №18 сабақ Ортақ тақырып: Өнер

Бөлімше: Денсаулық және қауіпсіздік



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің қауіпсіздігім

Оқыту мақсаты

3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • адам өміріндегі электр қуатының маңызын түсіндіреді;

  • тұрмыстық құралдарды қолданудағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын атайды;

  • тұрмыстық құралдарды атап шығады.

Көптеген оқушылар:

  • тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері туралы графикалық белгілерді суретке салады;

  • оқулықта берілген графикалық белгілердің негізінде электр құралдарын пайдаланудың ережелерін





құрастырады;

Кейбір оқушылар:

  • «Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады;

  • «Электр әлемі» ертегі елінің тұрғындары жайлы ертегі құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Электр қуаты, тұрмыстық құралдар. Электр тогымен зақымдану қауіптілігі. Тұрмыстық құралдарды пайдаланудың графикалық белгілері



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Егер дұрыс қолдана білсе, электр күші адам өміріне зиянын тигізбейді. Тұрмыстық құралдарды қауіпсіз қолданудың ережелерін есіңде сақта! Талқыланатын мәселелер:



  • қандай тұрмыстық құралдарды білесің?

  • электр құралдарының тұрмыстағы пайдасы қандай?

  • не үшін тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Жазылым:

Суреттерге және графикалық белгілерге қарап, тұрмыстық құралдарды қолданудың ережелерін дәптерге жазу.



Алдыңғы білімдер

Денсаулық және қауіпсіздік. Қауіпсіз мінез-құлық ережелері

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, жұмбақты шешіңдер: Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Электр тогы)



Мұғалім: Ал енді мына екі өлеңді тыпдап, қорытынды шығарыңдар:

  1. Электр қуаты бізге жылылық пен жарық береді, Ол ешкімге құпия емес, бәрі біледі!

Ол суды жылытады, бізге тамақ дайындайды, Әлемде ондай жақсы көмекші табылмайды!


  1. Анам маған мұқият Ескертіп еді мынаны:

Дәптер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет