Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет17/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






болуы (анасы немесе әкесі) мүмкін. Бірақ бұл жаман емес. Егер отбасы өзара түсіністікке құрылса және отбасы мүшелері бір-біріне қамқорлық танытса, мұндай отбасылар ең жақсы жанұяға айналады. Көп балалы отбасылар бар. Біздің елімізде көп балалы және өмірін сол балаларының өсіп-жетілуіне арнаған аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Оларға арналған арнайы марапаттар бар. Бұл медальдар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» деп аталады.

Қазақстан Республикасының болашақ азаматын тәрбиелеу, оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіру көп еңбекті талап етеді емес пе?



(Ж) Берілген тапсыраны орындау.

Ерте заманда бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелері өте көп болған. Атасы, әжесі, анасы, әкесі, балалары, немерелері, шөберелері – барлығы бірге тұрған. Бірігіп еңбек еткен,

балаларды тәрбиелеген, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне қамқор болған. Барлығы тату- тәтті өмір сүрген. Осы сөзімізге дәлелді біз мақал-мәтелдерден таба аламыз. Кәне, мақал- мәтелдерді құрастырып көрейікші.

(Ө) Тапсырманы орындау.

«Мені түсін» шығармашылық ойыны

Мұғалім: Жақын адамдар бір-бірін сөзсіз түсінетіні анық.

Тапсырма: Ым, ишараның көмегімен келесі тапсырмаларды орындау керек. Карточкалар


  • Қызы анасына: «Маған биік өкшелі туфли сатып алып беріңізші».

  • Әкем анама: «Маған кешкі сегізде қоңырау соқ».

  • Ағам әпкеме: «Кеттік, бутербродпен шай ішіп алайық».

  • Немересі әжесіне: «Өтінемін, құймақ пісіріп беріңізші!».

  • Анам әкеме: «Майшабақты тазалап берші».

  • Әкесі балаларына: «Мен келмейінше компьютерді қоспаңдар».

Мұғалім: Тапсырманы ойдағыдай орындағандарыңа қуаныштымын.

(Т) Оқулықтағы жоспар бойынша «Сиқырлы сөз» тақырыбында әңгіме құра тапсырмасын орындау.

Мұғалім: Балалар, біз тағы бір отбасы туралы айтуды ұмытып барамыз. Ол отбасы – біздің сыныбымыз. Сынып – сендердің екінші отбасыларың. Мұнда біз көп уақытымызды бірге өткіземіз, бірге еңбектенеміз, білім аламыз, пайдалы істермен айналысамыз, бірге көңіл көтереміз, демаламыз. Біздің сыныбымыз - өте ұйымшыл.

– Балалар, кез келген отбасы бақытты да баянды өмір сүруі үшін оның әрбір мүшесі белгілі бір жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Бір-бірін жақсы түсініп, қамқорлық танытып, барлық

нәрсені ұйымдасып істесе ғана әрбір отбасы бақытты болады.


Дәптер
Жеке карточкалар

Оқулық Дәптер, тақта,

«Үйімізде бақыт» суреті, үйге апарар жолдар




Рефлексия

  • Балалар, әлемдегі бейбітшіліктің, келісімнің символы не екенін білесіңдер ме?

Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемін... Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ... Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына... (Нығмет Баймұхамедов)

  • Жай ғана көгершін емес, ақ көгершін. Неліктен, білесіңдер ме?

Сендердің парталарыңда көгершіндер жатыр. Кәне, осы ақ көгершіндерді ашық аспанымызға ұшырайықшы. Біздің көгершіндеріміз, сонымен қоса, сиқырлы күшке де ие. Өз отбасыларыңа қандай тілек тілейсіңдер? Сол арман-тілектеріңді көгершіндерге жазыңдар. Олар сендердің

жазған тілектеріңді таратады, сосын барлық тілектерің орындалады.



Көгершіннің суреттері

Үй тапсырмасы

«Мені түсін»

Ол өте қайырымды, балаларды жақсы көреді. Балалар нені қаласа, сатып алып береді. Ол өте қамқор, ешқашан дауыс көтермейді. Оның ең жақын адамы – ол атамыз. Кім жайында айтып жатырмыз? (Әже) Өз әжелерің жайында хабар жүргіз.

Ата-аналарыңмен біріге отырып, «Отбасылық бақыттың құпиясы» жобасын жасаңдар.


Оқулық Дәптер




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану № 32 сабақ

Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы.



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Мен және қоғам

Оқыту мақсаты

3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • жанжалсыз, даусыз қарым-қатынас құрудың этикалық нормаларын білетін болады;

  • қоршаған әлемді позитивті қабылдай алатын болады.

Көптеген оқушылар:

  • алған білімдерін өмірде пайдаланатын болады.

Кейбір оқушылар:

Сыныптастарына деген өзінің қарым-қатынасын түзейтін болады.




Тілдік мақсат

Оқушылар қоғамда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, тәртіпсіздік жасаудың соңы неге алып келетіндігін түсінеді.

Пәндік лексика және терминология:

Адам, қоғам, мейірім.

Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы:

Әдептілік – әдемілік белгісі



Талқылауға арналған сұрақтар:

– Адамдардың арасында өзіңді қалай ұстау керек?



  • Рухани құндылықтар дегеніміз не?

  • Келеңсіз жағдайлар орын алса, оны қалай түзетуге болады?

Хат:

Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру.



Алдыңғы білімдер

Отбасының берекесі бәрінен де қымбат

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:

Адамның бақытты ғұмыр кешуі үшін табиғат барлығын жаратты: ағаштар, жарқыраған күн, таза су, құнарлы топырақ, және де бізді – күшті, әдемі, дені сау, саналы адамдарды. Барлық адам бақыт үшін жаралады. Оның жүрегі тек қана мейірімділікке, қайырымдылыққа толы

болуы керек.

Өмір – адамға берілген баға жетпес сый. Өмірдің әрбір сәтіне қуана білу керек. Айналаңдағы табиғаттың әсемділігіне сүйсіне білу керек. Адамдарға жылы сөздер айтып, күлкіңмен қуаныш сыйласаң, сенің де өмірің бақытқа толы болады.



  • Егер менімен келіссеңдер, «Өмір – бізге берілген бағалы сыйлық!» деп айтыңдар.

  • Балалар, бүгінгі сабаққа дейін біз сендермен әдептілік жайлы, өзіңді ұстау мәдениеті жайлы көптеген әңгіме жүргіздік. Бүгінгі сабағымыз осы әңгімелердің жалғасы болмақ. Бірінші

сыныптан бастап біз сендермен мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өз-өзіңді қалай ұстау керек деген мәселелерді оқыдық. Сендерге кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді, адамдарға қуаныш сыйлауды, қайырымды, мейірімді болуды үйреттік.

Сендер өздеріңді қоғамдық орындарда қалай ұстайсыңдар, үнемі әдептілік танытып

жүресіңдер ме, адамдарға деген қарым-қатынастарың қандай? Осы мәселелерді ойланып көріңдерші. Сендер ештеңе жасырмай, барлығын ашық айтады деп үміттенемін.


Слайдтар


Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін біз «адам» деген ұғыммен жақын таныса түсеміз. Қалай ойлайсыңдар, «адам» және «қоғам» деген сөздер бір мағынаны білдіре ме? (оқушылардың пікірі тыңдалады) Оқулықтағы «Ненің артық екенін анықта» тапсырмасын орында.

Мұғалім: Адам басқа адамдардың қасында тұрғанда өзін жақсы сезінуі үшін нені білуі керек деген мәселеде әңгімелесейікші.

Адам қоғамда өзін қалай ұстау керек, қалай өмір сүру керек?



Тапсырмасын орындау.

Мұғалім: Кішкентай кездеріңнен ата-аналарың сендерге «мұны жасауға болады» және «мұны жасауға болмайды» деген сөздерді айтып, ненің жақсы, ненің жаман екенін үйретіп келді.

Сосын «Сен дұрыс жасадың» немесе «Сенің жасағаның дұрыс болмады» деп айта бастады.

Сендер ертегілерді тыңдадыңдар, мектепке келгенде өздерің оқи бастадыңдар. Ертегіден сендер мейірімді және жауыз кейіпкерлердің болатынын білдіңдер. Сендер жақсылық

жасауды үйрендіңдер. Үлкендердің берген бағасына және ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қарап, өздеріңнің дұрыс немесе бұрыс жасағандарыңды білдіңдер.

Ал енді өскенде ше? Неліктен ата-аналар «Бала кішкентай кезінде алтын еді, қазір тыңдамайды, барлығын керісінше істейді» деп айтатын болды?

Себебі, сендер өстіңдер және өмірдің ертегі емес екендігін ұғындыңдар. Ал адамдар ертегідегідей жақсы және жаман кейіпкерлерге бөлінбейтіндігін түсіндіңдер. Жамандықты жақсылықтан үнемі айыра бермейсің. Себебі жамандықты білдіртпей жасауы мүмкін, бірден барлығын ұғыну, түсіну қиынға соғады. Кей кездері өзің де айыра алмай, шатасып қалуың мүмкін.


(Ж). Оқулықтағы «Қиын мәселелерді шеш» тапсырмасы
Әдепті адам қандай болу керек? Бір-біріңе сынақ жүргізіп көріңдерші:

  1. Біреудің үйіне немесе пәтеріне кірместен бұрын не істеу керек?

  2. Адамдар бір-бірімен кездескенде және қоштасқанда қандай сөздер айтады?

  3. Кім кімге орын беруі керек? (қонаққа барғанда немесе қоғамдық көлікте).

  4. Қонаққа, театрға, кітапханаға келгенде баскиімді шешу керек пе?

  5. Сен кәмпит жеген соң, оның қағазын не істейсің?

  6. Жануарларды ренжітетін адамдарды әдепті деп атауға бола ма?

  7. Неліктен нағыз әдепті, сыпайы адамдар ешқашан өтірік айтпайды, мақтанбайды, өзінің


Оқулық

Оқулық

Карточкалар







достарын ренжітпейді?




Ішінара өзара бағалау: сен өзіңнің көршіңді әдепті, сыпайы адам деп есептейсің бе? Өзіңнің жауабыңды дәлелде.




Берілген күрделі жағдайларды ұжымдаса отырып шешу.

(Ж) Оқулықтағы «Жұптасып жұмыс жасаймыз» тапсырмасын орындау.

Дәптер


Жауаптарды талқылап болғаннан кейін, сыныпты үш топқа бөлу керек. Бірінші топ

адамдардың қандай құқықтары болғанын қалайды? Сол құқықтарды құрастырады. Екінші топ қандай заңдармен өмір сүргісі келеді? Сол заңдарды құрастырады. Ал үшінші топ

азаматтардың қандай міндеттері болғанын қалайды? Сол міндеттерді құрастырады.

Мұғалім топтың жұмысына бақылау жүргізеді, қиындық туып жатса, көмектеседі.





Топ өкілдерінің шығуы.

Оқулықтағы В. Маяковскийдің өлеңінен үзінді оқу. (ҚБ) «Ыстық орындық» стратегиясы.

Өз қалауларымен ортаға 3 оқушы шақырылады. Қойылған сұраққа тек қана шындықпен жауап беру керек, сосын сыныптастары тарапынан сұрақ туындап жатса, оған да жауап беру керек.


Мультфильм



  1. Сендерге біреу тіл тигізсе, дөрекі сөйлесе, былапыт сөздермен ұрысып жатса, оны есту сендерге ауыр ма?

  2. Адамдармен қарым-қатынастарың қандай? Сол жайында ойландыңдар ма? Сөйлеген сөздеріңе мән бердіңдер ме?

  3. Қандай әдепсіздіктер адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алып келеді?

(Т) Оқулықта берілген көріністерді ойнап шығу

«Қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі» постерін құрастыру

Көрініске арналған атрибуттар

А 3 парақтары, суреттер Оқулық, дәптер


Рефлексия

Мұғалім: Адамдармен қандай қарым-қатынаста болуларың тек қана өздеріңе байланысты екенін естен шығармаңдар. Әрқашан мейірімді, ақ көңіл болыңдар, ниеттерің таза болсын деген тілектерді арнағым келеді.

Өмір сүруге көмектесетін және айналаңдағы адамдарға тек қана шаттық сыйлайтын қағидаларды ешқашан ұмытпай, есте сақтап жүріңдер.



Дәптер



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Жанды әріптер» тапсырмасын ата-аналарыңмен ақылдаса отырып, орындаңдар.

Оқулық

Дәптер





Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:


Пән: Дүниетану № 33 сабақ

Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар Бөлімше: Мейрамдар



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Қазақстан халықтарының мейрамдары

Сабақтың мақсаты

3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтілетінін біледі;

  • Қазақстан халқының бірлігі күні қашан және қалай тойланатынын біледі;

  • ұлттық мәдени орталықтар немен айналысатынын біледі;

  • мейрамдардың не үшін керек екенін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • еліміздегі мейрамдардың күнтізбесін құрастырады;

  • салыстырады, қорытындылар шығарады;

  • мәселені талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

Тілдік мақсат

Оқушылар:

– мейрамдардың маңызын түсіндіреді.



Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мейрамдар, достық, келісім, толеранттылық. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Еліміздегі мейрамдар ұлттық, мемлекеттік және кәсіби болып бөлінеді. Талқыланатын мәселелер


  • Біздің елімізде қандай мейрамдар аталып өтіледі?

  • Мейрам күндері адамдар не істейді?





  • Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы не білесіңдер?

  • «Қазақстан халықтарының тату-тәтті жанұясы» сөзін қалай түсінесіңдер?

  • «Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол нені білдіреді?

Жазылым:

Қандай мейрамды ерекше жақсы көретінің және не үшін жақсы көретінің жайлы дәптеріңе шағын әңгіме жаз.



Алдыңғы білімдер

Наурыз мейрамы

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Мейрамдар не үшін керек, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар:

  • көңіл көтеру үшін, өзіңді бақытты сезінуің үшін;

  • күнделікті шаруадан көңіл сергіту үшін;

  • жақындарыңа сыйлық жасап немесе тәтті тағамдар дайындап, оларға қуаныш сыйлау үшін;

  • шығармашылық қабілеттеріңді көрсету үшін және т.б.

(Ж) Парталас көршіңмен мына сұрақтар бойынша әңгімелес:

  • біздің елімізде қандай мейрамдар аталып өтіледі?

  • мейрам күндері адамдар не істейді?

  • «мейрам» сөзін естігенде көз алдыңа не келетінін сипаттап бер: түрлі дыбыстар, иістер, көңіл-күй, т. б.

(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек:

–Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелері жайында білеміз;



  • елімізде аталып өтілетін мерекелерді шығармашылық түрде көрсете білуді үйренеміз.

Оқулық


Жаңа сабақ

Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).

(Т) Топта жұмыс істей отырып, мейрамдардың бірі туралы постер дайындаңдар. Оған шағын төрт жолды өлең шумағын, мерекелік ашық хатты, құттықтауларды қосуға болады.

Мейрамның қашан және қалай тойланатыны жайлы шағын әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық қойылым дайындаңдар.



Оқулықтағы 85 беттегі екінші азат жолдағы мәтінді оқу Мұғалімге арналған ақпарат:

Ораза айт – (арабша: Ораза – жаман істен тиылу, тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның бес парызының үшіншісі). Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі

Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет