Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Өсімдіктердің сыртқы орта қолайсыздығына төзімділігі



бет43/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
Өсімдіктердің сыртқы орта қолайсыздығына төзімділігі.
43-жұмыс
Ағаш тектес өсімдіктерді тыныштық қалпынан жылы суда өңдеу арқылы шығару
Қажетті құрал -жабдықтар: Сирень, терек, қайың, тал, қарақат т.б өсімдіктерінің шыбық бұтақтары, 60-80 см ағаш қорабы, щелек, картон, секатор, өткір пышақ, ағаш ұнтағы, шыны банкалар.
Жұмыс барысы:тәжірибеге қажетті өсімдік бұтақтары бір күн бұрын даярланып, ыдыстағы суға бұтақтың төменгі жағы батырылып қойылады. Бұл даярланған бұтақтардың төменгі бөлімінен 2-3 см су ішінде қырқып, ауа тығыны алынып тасталынады да, әр түрін екіге бөліп, оның бір бөлігіне картон қағазынан этикетка жасап, жіппен байлап шыны банкалардағы суға салып, 15-18 ұсталынады. Ал екінші топ бұтақтар жылы суда өңделеді. Ол үшін көлемі 80 Х 60 см келетін ағаш немесе фаиер қорабы алынып, оның ішіне 10-15 см қалыңдықта ағаш ұнтағын салып, оны тығыздап үстіне шелекті қойып, төңірегіне ағаш ұнтақтарын салып, шелектің биіктігіне келтіріледі. Шелектің төңірегіндегі ағаш ұнтақтары да тығындалған болу керек. Ішіне ағаш ұнтағын салып,бір жастық даярланады. Осылайша дайындық болғаннан кейін шелек пен ағаш ұнтақтарын жылыту үшін шелекті қайнап тұрған сумен толтырып, қақпақмен жауып, жылу шықпайтындай жастықпен жабады. Осылайша даярланған термостаттағы су 2-3 сағаттан кейін қажетті температураға келеді. Шелектегі суға екінші топтағы бұтақтар 9-12 сағат 37-39 жағдайында өңделеді. Мұндай жылы суда өңдеудің мерзімі алынған өсімдіктің түріне байланысты. Егер қажетті мөлшерден артық суда тұрса, бүршіктердің тыныс алуы активтеніп, анаэробты жағдайда қалу себепті бүршігін ашпай төгеді. Ал сиреньнің бұтағын 15 сағатқа дейін өңдеуге болады.жылы суда өңделген бұтақтарға этикетка жазып, шыны банкалардағы суға салып, өңделмеген бұтақтарды қойған жерге бұларды да қояды. Ең тәуірі люминстатқа қойған дұрыс, бірақ ондағы температура 20 -ден артпауы керек. 5-6 күннен кейін жылы суда өңделген бұтақтар бүршігін жарып өсе бастайды да, өсімдік түріне байланысты жапырақ жаяды немесе гүлдей бастайды. Ал бақылаудағы бұтақтар бұрынғы қалпында қалады. Бірақ дәл осындай нәтиже шығу үшін тәжірибенің октябрь-ноябрь, әр-беріден соң декабрьден кешіктірмей жүргізілуі тиіс. Ал одан кеш алынған бұтақтармен жүргізілген тәжірибеде өңделген мен өңделмеген бұтақтардағы бүршіктің жарылу айырмашылығы болмайды.
Жұмыстың соңында өсімдіктің бұтағы бақылаумен салыстырғанда қанша күн бұрын активті тіршілік қалпына келгеніне қорытынды жазылады.
Пысықтау сұрақтары: жылы су өсімдік бүршігінің жарылуына қарай әсер етеді? Анаэробты тығын алу деген не? Не себепті бұтақтарды жылы суда артық ұстауға болмайды? Клеткаларда қандай қосылыстар түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет