Өсімдіктің өсуі мен қозғалыстары
37- жұмыс
Жапырақтың тамыр түзілуіне әсері
Қажетті құрал -жабдықтар: Традесканция өсімдігінің ұшынан алты жапырақты сабақтары, пробирка штативі, мақта, 6 пробирка, алюминий фольгасы немесе жұқа жарық өтпейтін қара қағаз.
Жұмыс барысы: Алты пробирка алынып, оларға 1-2 см толмайтындай су құйып даярланады. 1- пробиркаға барлық жапырақтары қалдырылып салнынады, 2- пробиркаға барлық жапырақтарын және ұшындағы өсу нүктесіне дейін жұлып тастап салынады. 3- пробиркаға барлық жапырақтарын қалдырып, бірақ әрбір жапырақ жеке алюминий фольгасымен қапталынады, 4- пробиркаға барлық жапырақтарын жұлып тек төбе жапырағы ғана қалдырылады, 5- пробиркаға үш жоғарғы жапырақтарын алып тастап, төменгі үш жапырағы қалдырылады.
Өсімдік тамыры қараңғыда түзілетіндіктен пробиркалардың төменгі бөлімдері жарық түспейтіндей қараңғыланады да, штативке пробиркаларды орналастырып, күшті жарық түсетін жерге қойылады. Күн сайын бақылау жүргізіп, қай түрінде тамырдың түзіліп, өсе бастағаны анықталады. Тәжірибені 10 күн жүргізіп, одан кейін тамырдың қандай болып түзілгенін, ұзындығын, көлемін ескеріп, қорытынды жасалынады.
Пысықтау сұрақтары: Жарық өсімдік тамырларының түзілуіне қалай әсер етеді? Жапырақтарды физиологиялық қосылыстардан басқа не синтезделеді?
Достарыңызбен бөлісу: |