Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


-жұмыс Траубенің жасанды «клеткашығын» алу



бет2/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
2-жұмыс
Траубенің жасанды «клеткашығын» алу.
Қажетті құрал -жабдықтар: Темір цианды калий тұзы және күкірт қышқыл мыс тұзы ертінділері, пробирка, штатив, пипетка.
Жұмыс барысы: Жұмысты орындау үшін 5 пробирка алып,олардың ішіне толтыра тотияйын ертіндісінің СuSO4 -1/2 Н концентрация құйылады. Тотияйын ертіндісі бар бір пробирканың бір жақ қабырғасына тақай бір тамшы К4 Fe (CN)6
ертіндісі тамызылып, жарыққа тосып бақыланады.
Тамызылған тамшының сырты тұнбамен қоршалады. Бұл кезде тұнбамен қоршалған тамшы көпіршік сияқтанып көрінеді. Оны Траубенің жасанды «клеткашығы» деп атаймыз.Тамшының сыртын қоршаған тұнбаны тұнбалы шала өткізгіш жарғақ деп атаймыз. Себебі ол тамшының ішіне немесе іштен сыртқа еріткішті (дисперсті фазаны) өткізбейді. Ал біздің тәжрибемізде тамшының ішіндегі темір цианды калийдің концентрациясы -1Н болғандықтан, сырттағы күкірт қышқыл мыстың (СuSO4 )- ½ Н концентрациясынан артық болу себепті сырттан (СuSO4 ертіндісінен) су еніп тамшының көлемі артады. Бұл жерде эндоосмос байқалады, осылайша бақылау басқа пробиркада жүргізіледі де, осмостың қай түрлері болатындығы анықталады.
Пысықтау сұрақтары: Траубенің жасанды «клеткашығы» қандай ертінділерде эндоосмос, қайсысында экзоосмос процесі байқалады? Пробиркадағы ертіндіге таза кристалл салғанда неге «балдыр» сияқтанып өседі? Мысал келтіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет