Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


-жұмыс Тірі және өлі клетка цитоплазмасының



бет6/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
6-жұмыс
Тірі және өлі клетка цитоплазмасының
клетка шырынын өткізуі.
Қажетті құрал -жабдықтар: асхана қызылшасы, хлороформ, 30 %-тік сірке қышқылы, 50%-тік этил спирті,диаметрі 1,3-1,5 см тығын бұрғысы,5 пробирка, пробирка штативі, сипрт шамы, сіріңке, скальпель, микроскоп, заттық және жабын шынылар, препараттық ине, шыны таяқша.
Жұмыс барысы: Цитоплазманың түрлі қосылыстарды қабылдауы немесе сыртқа шығаруы, цитоплазмалық мембраналардың осмостық қасиеттеріне, сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты болып келеді.
Асхана қызылшасын қабығынан аршып, оны тығын бұрғысымен 0,5 см етіп тесіп, ал диаметрі тығын бұрғысының диаметріндей бірдей 5 кесінді даярланады. Бұл кесінділердің бояуы қолға жұқпайтындай болғанға дейін су астында жуылады. Жуылып болғаннан кейін әрбір кесінді төменде 3- кестеде көрсетілгендей бес пробиркадағы ертінділерге салып өңделеді.
Кесте 1

Пробирка


1

2

3

4

5

10 мл қарапайым су

10 мл су + 0,5 мл хлороформ

10 мл 30 %-тік сірке қышқылы

10 мл 50%-тік спирт

салқын су



Қайнатылған су (3 минут қайнату)



Ертіндінің боялу дәрежесі














Екінші пробиркадағы кесіндіні салқын суға салып спиртовкада 3 минут қайнатып, ол суды төгіп қайта салқын сумен араластырады. Пробиркалардағы ертінділерде кесінділер бір сағаттай тұрғаннан соң әрбір пробирканың аузын жауып қатты сілкіп араластырады. Пробиркалардағы ертінділердің түсі өзгереді. Ертінділердегі қызыл антоциан бояуы көп болса, клетка цитоплазмалық жарғақтардың өткізгіштік қасиеттерінің артқаны. Осыған орай физикалық және химиялық әсерлердің клетка мембраналарының өткізгіштік қасиеттерін қалай өзгертетіні анықталады. Пробиркалардағы кесінділер алынып, олардан жеке препараттар даярлап, микроскоппен тексеріледі. Ол үшін заттық шынының үстіндегі жұқа кесіндіге бір тамшы азот қышқыл калий (КNO3) 1М ертіндісі тамызылып бақыланады. Егер клетка плазмолизденсе клетканың тірі қалғаны, ал егер плазмолизденбесе клетка тіршілігінің жойылғандығы. Жоғарғы температураның, наркотиктердің (хлороформ) және улы әсер ететін (спирт, сірке қышқылы) қосылыстардың әсеріне қарай клетка өткізгіштігіне қортынды жасаңыздар.


Пысықтау сұрақтары: Клетканың өткізгіштігін қалай түсінесіздер? Клеткада неше түрлі мембрана бар? Олардың өткізгіштігін салыстырыңыздар.


3 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет