5-жұмыс Тургор құбылысы Қажетті құрал -жабдықтар: картоп және т.б. өсімдіктердің тамыр жемісі,ас тұзының концентрлі ертіндісі, миллиметрлік сызғыш, екі пробирка, скальпель.
Жұмыс барысы: Өсімдік клеткасы протоплазмасының суға қанығып клетка қабықшасын керіп тұруын тургор деп атайды. Тургордың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Тургор нәтижесінде нәзік өсімдік мүшелері (жапырақ, сабақ) ауа кеңістігінде белгілі бір бағыт алып тұра алады. Клетка тургорының қалыпты болуы өсімдік тамырының топырақты жара отырып таралу мүмкіншілігін береді. Өсімдік тұқымының өнуі кезінде де жас өскін топырақты (қатқақты) тесе отырып жер бетіне шыға алады. Тургор нәтижесінде өсімдік мүшелеренің белгілі қозғалыстық маңызы бар.
Бұл жұмысты орындау үшін картоптың тағы басқа тамыржемістің ұзындығы 5 см, ені шамамен теңдей екі кесінді алып, оның бірін пробиркадағы концентрациялы ас тұзының ертіндісіне салады. Ал екінші кесіндіні пробиркадағы жай суға салып, бір-бір жарым сағат өңделіп тұрғаннан кейін пробиркадан алып, қайтадан сызғышпен өлшенеді. Пробиркадағы концентрациялы ертіндідегі кесінді қысқарып, ал суға салған кесінді бұрынғысынан ұзарып, қатаяды. Жұмыстың соңында бұл өзгерістерге қортынды жасалады.
Пысықтау сұрақтары: Концентрациялы ертіндідегі кесінді неге қысқарады, онда не болады? Анықтамасын беріңіздер. Тургор құбылысының маңызын айтып беріңіздер.