Өсімдіктердің су алмасуы 7-жұмыс Өсімдік тұқымдарының су қабылдап ісіну дәрежесінің тұқымдағы қор қосылыстарының түріне байланыстылығы.
Қажетті құрал -жабдықтар: бидайдың және ас бұршағының тұқымдары, техникалық таразы және оның гірлері, екі Петри табақшасы,сорғыш қағаз.
Жұмыс барысы: Өсімдік тұқымдары ылғалды ортамен жанасқанда тұқым құрамындағы белоктар, крахмал және гидофильді коллоидтар күшпен суды қабылдап тұқымның көлемін арттырады. Мұны тұқымның ісінуі деп атайды. Тұқымның ісіну себебі ондағы гидрофильді коллоидтардың суды қабылдап гидротациялануынан болады. Тұқым құрамындағы қор қосылыстарының ішінде әсіресе белок молекулаларының гидрофильді қабілеті өте жоғары болады. Міне сондықтан да белокты тұқымдардың ісінуі күшті болады. Белоктың гидротациясы үш процестерден құралған.
1.Электробейтарап гидротация – белок молекулаларындағы полярлы топтағы оттек және азот атомдарының арасындағы сутек байланыстарын түзуі (карбоксильді, спиртті, амин, амид, т.б топтардағы). Бұлай гидротациялану кезінде тұқымның көлемі мен қатар температурасы да артады.
2.Иондық гидротация – белок молекуласындағы иондалған СОО- және NН+ топтары су молекулаларының диполін тартып сумен қосылады.
3.Гидротация – су молекуласының иммобилизациялануы- шырмалған белок молекуласының ішінде қоршалып қалған бос су. Өсімдік тұқымының ісінуі клеткадағы көптеген биохимиялық реакциялардың өтуін активтендіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты- тұқым құрамындағы қор қосылыстарының түріне байланысты тұқымның ісіну қабілетінің айырмашылығына көз жеткізу. Бидай тұқымының құрамында белок 16%, крахмал 70% шамасында болса, асбұршақ құрамындағы белок 34%, крахмал -48% -ке дейін болады.
Жұмыстың орындалуы: екі Петри табақшасын алып, оның бірінің ішіне салмағы 3 г өлшенген асбұршақ, ал екіншісіне салмағы дәл сондай бидай тұқымдарын таразыға тартып, олардың үстіне бататындай су құйып, кем дегенде 3 сағат немесе бір тәулік тұруы тиіс (суы кемісе толық ісінуі үшін үстемеленіп су құйылады). Содан кейін суын төгіп, сорғыш қағазбен тұқымдардың сыртын тез құрғатып қайтадан таразыға өлшейді. Өскен артық салмақтың бастапқы салмаққа қатынасын процент мөлшерімен табады да төмендегі кестені толтырады.
Өсімдік түрі
Тұқымның салмағы, г
Тұқым салмағының артуы
суға салмастан бұрын
ісінгеннен кейін
екі салмақтың айырымы,г
Алғашқы салмаққа қатынасы % мөлшері
Асбұршақ
Бидай
Пысықтау сұрақтары: Тұқымның ісінуі қалай өтеді? Тұқымның ісінуінің ондағы қор қосылысына қандай қатынасы бар?