Өсімдіктердің су алмасуы
10-жұмыс
Транспирация қарқындылығын көлем әдісі арқылы анықтау
Қажетті құрал -жабдықтар: көлемі 25 немесе 50 мл екі бюретка, резина түтік, суды тоқтату үшін алынған 2 қысқыш, резина тығындар, тығын бұрғылар, шойын штатив, қылқан жапырақты өсімдік бұтағы, жапырақты қазтамақ немесе басқа ағаш тектес өсімдіктің бұтағы (алма, шие, өрік) жапырақты бұтағы.
Жұмыс барысы:Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелері әсірісе жеке жапырағы арқылы сумен жанасқан жағдайда суды қабылдап жұмсай алады.Судың бұлай транспирациялануын көлем әдісі арқылы көруге болады.
Бұл жұмысты орындау үшін көлемі 25 немесе 50 мл бюретка,ал бұлар болмаған жағдайда диаметрі 1,5 см,ұзындығы 40-45 см қарапайым шыны түтігін алуға болады.Бюреткалардың немесе шыны түтік ұшына сәйкес келетін резина тығынды алып,олардың ортасын теседі.Ол тесікке сабағы тығыз орналасатындай біріне қылқан жапырақты бұтағын орналастырып, бюретка тығындалып,бюретканың ішіне бір күн бойы бөлмеде сақталған су құйылады.Өсімдік төмен қаратылып төңкеріледі.
Пысықтау сұрақтары: Бірдей сыртқы орта жағдайында екі түрлі жапырақты өсімдіктердің транспирация қарқындылығы неге әр түрлі,оның себебін түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |