ДИСКУРСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Соңғы кезде «мәтін ұғымы бар жерде «дискурс» ұғымын да қатар алып жүру байқалады.
Дискурс – негіз етіп өрбитін нысаны адам болғандықтан қамтитын аясы өте кең, кешенді ұғым. Дискурс - коммуниканттардың сөз жағдаятын ескере отырып шынайы өмірдегі оқиғаларды өздерінің когнитивтік, тілдік, аялық білімін, прагматикалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы коммуникативтік мақсатқа орай өз тілдеріндегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жүйелер арқылы тілге көшіруі, диалогқа түсу әрекеті.
Энциклопедиялық сөздікте «Ди́скурс или диску́рс (фр. discours) в общем
смысле — речь, процесс языковой деятельности. В специальном,
социогуманитарном смысле — социально обусловленная организация
системы речи, а также определённые принципы, в соответствии с которыми
реальность классифицируется и репрезентируется (представляется) в те или
иные периоды времени. Это специальное значение слова «дискурс» впервые
ввёл Э. Бенвенист (1974), противопоставляя discours (речь, привязанная к
говорящему) и récit (речь, не привязанная к говорящему). [1] (фр. discoursсөйлеу)- экстралингвистикалық, прагматикалық, әлеуметтік, мәдени,
психологиялық және т.б. мәнбірлермен белгілі бір жағдайда бір мәтінге
шоғырланған бірлік; сөйлеу, мақсатты бағытталған іс- әрекет, адамдар
арасындағы қарым- қатынасқа және ақыл- ой механизміне қатысушы
компонент [1].
Дискурстың маңыздылығы жөнінде Макаров М.Л. «Сегодня категория
дискурса в социальных науках играет роль, подобную той, что отведена евро
в европейской экономике» [4.11].
Орыс тіл білімінде дискурсты Э.Бенвенист (1974), Николаева Т.М.(1978),
Богданов В.В.(1993), Ревзина О.Г. (1999), Макаров М.Л. (2003) сынды
ғалымдар зерттесе, қазақ тілінің мамандары да лингвистикадағы дискурс
мәселесіне көп көңіл бөліп отыр (Г. Әзімжанова (2003), Омарова Р.А.(2003),
Г.Г.Бүркітбаева (2005), Ахатова Б.А. Н.Уәли (2007), К.Садирова (2008).
Ал ағылшын тілді ғалымдар дискурс пен мәтінді ажыратып
қарастырмайды [5.20]. Америкалық лингвистикада дискурс теориясын
жүйелі (қисынды) сөйлеу (connected speech) және диалогпен байланыстырса,
европалық лингвистикалық дәстүр бойынша адамның өмірлік тәжірибесінен
жиналған білім жүйесін көрсетуден тұрады. [6.4].
Тіл білімінде дискурс мәселесін арнайы зерттеген ғалым
Г.Г.Бүркітбаеваның анықтамасы бойынша «Дискурс дегеніміз – екі немесе
одан да көп коммуниканттардың өзара сөйлесу әрекеттестігі. Бұл белгілі бір
коммуникативтік жағдаятта ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіліп, оның
нәтижесінде мәтін немесе тақырыбы бір бірнеше мәтіндер жиынтығы пайда
болады» [3, 9 б.].
«Дискурс» термині 60-70 жылдары ғана ауызға алынғанымен кеңірек
қолданысқа түсуі қазіргі кезде ғана байқалады дей келе Г.Г. Бүркітбаева оны
қарастырудағы қызығушылықтың туу себебін «дискурс» түсініктемесінің
әрқилылығымен және көптілігімен түсіндіреді [3.20]. «Дискурс» 1) мәтін
және сөйлеу, 2) сөйлеу, мәтін, функциональді стиль, тіл және сөйлеу, 3)
мәтін, сөйлеу, және диалог, 4) мәтін, жағдай (ситуация) және т.б.
терминдерімен қатар қолданылып жүр.
Өз кезегінде ғалым В.Е. Чернявская дискурсты зерттеушілердің әрқилы
көзқарастарына қорытынды жасай келе, оны зерттеудің 3 дәстүрін көрсетеді:
1. ағылшын- америкалық лингвистикалық дәстүрі дискурс жүйелі
(қисынды) сөйлеу және ақпаратты жіберуші мен алушының арасындағы
қарым-қатынас деген қағиданы ұстанады;
2. Т.ван Дейк және оның мектебі ақыл-ой сезіміне бағытталған
амстердамдық дәстүр. “Discourse studies. An interdisciplinary Journal for the
Study of Text and Talk”, “Discourse and society” журналдарын шығарумен кең
танымал;
3. М.Фуконың, француз тарихшысы, әлеуметтанушысы және тіл
зерттеушісі (У.Маас, З.Егер, Ю.Линк) дискурс концепциясы тұрғысынан
құрылған неміс мектебі. Неміс мектебіндегі ерекше орынды Р.Водактың
бастауымен дискурсқа талдау жүргізетін австриялық мектеп алады. Бұл
мектеп үшін дискурсты талдау- белгілі мәтіндік формадағы әлеуметтіктарихи хабарлауды ашып көрсететін, идеологиялық бағыттағы дискурстық
талдау. [7.67]
Ғалым У.Нұргелді «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері»
тақырыбындағы докторлық диссертациясында дискурсты: көркем дискурс,
ғылыми, публицистикалық, іскери, бейресми дискурс деп бөледі. [2.13]
Лингвистикада З.Харрис дискурсты талдаудың негізін 20ғ. 50 жылдары
көрсетіп берді. Бірақ ол дискурсты талдаудың қазіргі заманға сай
анықтамасын емес, сөйлеу мен жазбаша дискурстың формальді талдау әдісін
көрсетті. [9.41].
Дискурсты талдау әр-түрлі жолмен жүзеге асады десек те, дискурсты
зерттеушілердің басым бөлігіне мынандай негізгі қағидалар ортақ:
1) тілдің статикалық қалпы тым қарапайым және өз табиғатына сай емес;
2) тілдің динамикалық қалпы қарым-қатынас негізінде құрылу керек, яғни
адамдардың бірлесе жұмыс жасау негізінде көңіл-күйлерін көрсетуі, пікір
және тәжірибе алмасуы немесе бір-біріне әсер етуі;
3) қарым-қатынас жасау жағдайлары нәтижесінде құрылған қатынас мәдени
контекст көлемінде қарастырылады;
4) коммуникативті жағдайдағы негізгі қызметті қатынас құралдары емес
адамдар атқарады;
5) қарым-қатынас жасау қарым-қатынас жасауға дейінгі және қарым-қатынас
жасаудан кейінгі сатылардан тұрады;
6) мәтіннің қарым-қатынас жасаудың негізі ретінде бірнеше өлшемі бар,
мәтінді және оның мағынасын тудыру негізгілері болып табылады [8.5].
Ғалым Бүркітбаева Г.Г. өз кезегінде, «Тілдік құбылыстарға жан-жақты
талдау жасаудан тұратын прагмалингвистикалық бағыттың ерекшеліктері
мәтінді талдауда емес, дискурсты талдауда табиғи қырынан ашылады.
Прагмалингвистикалық бағыт жанында лингвистика ғылым болуын тоқтатып
«өз ішінде және өзі үшін», белгілі бір адамдардың қарым-қатынасқа түсу
жағдайынан туындайтын дискурс жөніндегі ғылымға ауысады, сонымен
қатар, тілдік қарым- қатынас түсінігіне жақындап, адамнан да кеңірек
ұғымды білдіреді»[3.22].
Контекст зерттеушілердің көңілін, дискурсқа тән не айтылғанына және
не туралы екендігіне (локуция және иллокуция), содан барып қатынас
жағдайына аударады. Дискурстың жағдаяттық мағынасы- қатынастың
әлеуметтік, психологиялық және мәдени жағдайларын ескеру, яғни
прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу [8.2].
Өмірдің әр-түрлі салаларын: дін, ағартушылық, заң, саясат, әдебиет т.б.
қамтитын дискурстар белгілі бір заңдылықтар көлемінде құрылады.
Сондықтан біз дискурстарды әдебиет, саясат, ғылым, дін, заң т.б. деп
бөлеміз. Соған байланысты тіл әр-түрлі дискурсивті үлгілердің бірлігінен
тұрады, соның ішінде болашағы зор бағыттардың бірі- саяси дискурс деп
ойлаймыз. Осыдан барып оны жан-жақты зерттеу мақсаты туады.
Саяси дискурстың табиғатында дискурстың барлық негізгі ерекшеліктері:
когезия, бүтіндік, прагматикалық мақсат, ақпараттық, грамматикалық және
аяқталым категориялары кездеседі.
Саяси тілдің қарапайым тілден айырмашылығы,
– «саяси лексика» терминологияға бейім, ал күнделікті, «саяси емес»
тілдік белгілер әрқашанда қарапайым тілдегідей қолданылмайды,
– дискурстың ерекше құрылымы,
– кейде сөйлеу тәсілдерінің өте ерекше нәтижесі,
– дискурстың дыбыстық және жазбаша көркемделуі де ерекше [9.3].
Бұқаралық ақпарат құралдары тілі- тірі, әрдайым өзгеріп, жаңарып
отыратын организм, қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерге сезімталдықпен
қарайды. Белгілі бір деңгейде тіл жағдайының ерекше барометрі [10.114].
Баспасөз- адамның көзқарасын қалыптастыруда өте үлкен қызмет атқара
отырып, тілдің табиғи құбылыстарын қарастыруда таптырмайтын дереккөз
болып табылады. [11.7]. Газет тілі- әдеби тіліміздің актив жанры. Ол
оқырманмен күнбе- күн тілдеседі, оқырманға хабар береді. Сонымен бірге
газет тілінің жұртшылықтың тіл мәдениетіне ықпал жасайтын жайы да көп
[12.124]. Ғалымдардың зерттеулеріне тұжырымдама жасай келе, газет тілі
тілдік қолданысты кең көлемде қамтиды дегіміз келеді, себебі ол көркем
әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу стилінің, басқа да стильдік түрлердің тілдік
құралдарын игеріп отырады да өз кезегінде оларға да әсер етеді.
Күнделікті баспасөз тілінің басқа мақсатты стильдерден айырмашылығықоғам дамуына қарай тілдік- жанрлық сипаттарының динамикалық
өзгермелілігінде.
Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі
классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті
константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда
болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір
нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды
деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін
тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы
айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына
бірдей қызмет етеді.
Дискурс, бір жағынан, мәтінжасау тәжірибесі, мәтінді шығару, кеңістік
пен уақытта жария ету процесі; екінші жағынан, дискурс – мәтінді ойсанадан өткізу процедурасы да (мысалы, оқу барысында, конспектілеу
барысында, аудару барысында және т.б.).
Біздің көзқарасымыз бойынша, мәтінді дискурстың аралық сатысы
ретінде сипаттаған жөн. Өйткені дискурс ретінде екі бірдей коммуниканттың
ойлау-сөйлеу әрекеттерінің жиынтығы деп түсінеміз. Сондай-ақ, мәтін
шындықтың объективті факті ретінде дискурс нәтижесі, өнімі ретінде
қарастырыла алады.
Көпшілік қолданыста дискурс әлдене туралы ой саптау дегенді білдіретін
мағынада қарастырылған. Дискурс – ерекше әлеуметтік шындық ретінде
көрінетін тіл ішіндегі өзіндік тіл деген де анықтама кездеседі. Дискурс ең
алдымен мәтіндерде кездеседі. Нәтижесінде мәтін сөздер мен сөйлемдердің
бере алмайтын ақпараттық көлемін арттырады. Ендеше, мәтіннің
қатысымдық қызметі дискурстық ақпарат беру болып табылады. Дискурстық
ақпарат қабылдаушының рухани азығын өтеуге қызмет атқарып, мәтіннің
коммуникативтік белсенділігін қабылдаушы бағдары тұрғысында анықтауға
арқау болады.
Ф.Оразбаеваның «дискурстың орындалуы коммуникативтік
материалдарды игерудегі тілдік тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндігіне
тікелей байланысты. Дискурстың қолданысы сөйлеу мәнеріне сәйкес жүзеге
асады» [2, 74-75] деген пікірінде қатысымдық бірліктердің мәтін ішіндегі
жұмсалымдық ерекшеліктері дискурс тұрғысында анықталады. Расында,
мәтін құрамындағы қатысымдық бірліктерді баяншы діттеген мақсатына сай
іріктеп қолданады. Мысалы, күннің қатты ыстық болатыны туралы
ақпаратты автор ғылыми мәтінде күннің ішінде үлкен қысыммен жиырылған
сутегі атомдары, гелийге айналған ядролық отын бар. Ядролық реакция
кезінде күннен мол энергия бөлініп шығады түрінде қолданылады. Көркем
мәтінде көлеңке бауырға кіріп кетті, аспан жерге түскендей ми қайнатқан
ыстық күн түрінде сөз саптайды. Дискурс қабылдаушы мен баяншының білім
аясын сараптауға мүмкіндік береді. Баяншы дүниенің тілдік бейнесін, ұлттық
дүниетанымды, таза ғылыми танымды, ғылыми көпшілік танымды көрсетіп,
қабылдаушы жалпыадамзаттық құндылықтарды игереді. Көркем мәтінде
автордың тілдік бейнесі, окказионализмдер, көріктеу тәсілдерінің
қолданылуы, перифраз т.б сияқты амал-тәсілдер, ал ғылыми мәтінде
терминдер, бата-тілекте сөз магиясының танымдық сипаты сияқты ұғымдар
тілдегі ментальды әрекеттерді көрсетіп, мәтіндерді қатысымдық бірлік
ретінде тануға арқау болады. Нәтижесінде мәтін баяншы мен
қабылдаушының когнитивтік санасын құрайтын әлеуметтік, мәдени, саяси,
ұлттық, тарихи, діни, т.б. факторлардың барлығын тілдік санаға
қалыптастырып, олардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына ықпал етеді.
Өркениетті адам тілдік қарым-қатынастың әртүрлі формаларын жете
меңгеруі керек. Бұл – нарық пен демократияға бет бұрған заманның талабы.
Әсіресе нарық заманының адамы тілдік қатынаста тек өз саласымен шектеліп
қалмай, шаршытоп алдында айтыс-тартысқа түсудің логикалық, әлеуметтік,
психологиялық жақтарынан хабардар болуға тиіс. Ал тілдік құралдарды
талғау, саралау айтыс-тартыстың логикалық, әлеуметтік, психологиялық
жайттарына тәуелді. Осы жайттарды дұрыс аңғарғанда ғана тілдік
құралдарды, стильдік амал-тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді пайдалануға зор
жәрдемі тиеді.