Пәні: Қазақ тілі
|
Күні: 27.11.2015ж.
|
Сыныбы- 9 "Ә"
|
Қатысқандар саны-
|
Қатыспағандар саны-
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақ әдеби тілінің стильдері.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты мен міндеттері:
|
Оқушылардың қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне ықпал жасау. Мәтін құрауға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін, қатысымдық мәнін теориялық және практикалық жұмыстар арқылы білгізу;
Қазақ әдеби тілінің стильдері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқу, түсіну, баяндау және интерпретациялауды үйрету. Тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды үйрету.
Міндеттері:
-тілдік, танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
-Тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту.
-Шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру.
|
Оқу мен оқытудың нәтижелері:
|
Оқушылардың барлығы:
Қазақ әдеби стиль түрлерін біледі, өзара ажырата алады. Түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай біледі. Өз ойы мен пікірін айта алады, қорытынды шығарады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
-Стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай біледі;
-Тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды біледі.
|
Кейбір оқушылар: -Стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай біледі.
-Тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды біледі. Өздеріне тән жазу стилін қалыптастырады.
|
Алдыңғы оқу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
5-мин.
|
1. 45-жаттығу. Шығармашылық, ізденіс тапсырма. "Тасқа басылған таңба-тарихта қалған тіл дерек" тақырыбындағы өлеңді пайдалана отырып, берілген үлгі бойынша ойтолғау жазыңдар.
Топтағы оқушылардың біразынан ойтолғауын оқуын сұраймын.
2. Өзін-өзі дамытуға арналған жаттығулар.
Сөйлеу тілі лексикасына қатысты өзіндік ізденіс жұмыстарын орындаңдар.
(Оқушылар үй тапсырмасын эксперттерге көрсетіп, бағалау парағына белгі қойдырады).
3. 43-жаттығу. Бейтарап, стильаралық лексикаға, эмоционалдық-экспрессивті реңі басым сөздер мен кәсіби лексикаға әдебиет, география, физика оқулықтарынан 10 мысал теріп жазып, салыстырып, дәлелдеңдер.
|
Ресурстар
|
7-сынып қазақ тілі оқулығы. Қосымша дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей т.б.
|
Қолданылған әдіс-тәсілдер:
|
СТО стратегиялары: " Миға шабуыл", "Жұмбақтау" әдістері, ұжымдық бірлескен топтық жұмыс, "Интерактивті ойлау", "Көзбен көретін айғақтар" стратегиясы, "Ыстық орындық" рөлдік ойыны, АКТ, Оқу бағдарламасындағы драма т.б.
|
Көрнекіліктер:
|
Интербелсенді тақта, слайд, маркер, постер, плакат , стикер, кеспе қағаздар, ақша т.б.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар:
|
Басталуы
І Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Психологиялық дайындық
ІІІ Топқа бөлу
( 1 мин)
|
"Әзіл әлемі" тренингін жүргіземін. Мұнда бір оқушы суырылып шығып қатысады. Оқушыға 15 тапсырма беріледі. Өз әңгімесінің желісін бұзбай, мазмұнын сақтай отырып, берілген тапсырмаларды қажетінше қиюластырып жалғастыруы тиіс.
Тапсырмалар:
1-оқушыға: әмиян, шырша, Абай Құнанбаев, банк, гүл, Үндістан, кино, сахналық қойылым, Мейрамбек Беспаев, доллар, ойын-сауық орталығы, мәдениет, қала, сыйлық.
2-оқушыға: Ән, мен, сыныптастар, кемпірқосақ, Алматы, күлкі, Сәуле, туыс, қиял, домбыра, жұмбақ, сөмке, үй, тамақ, сусын, әшекей бұйымдар.
Ықтимал жауаптар: Әңгімемнің басын мен бір күні келе жатыр едімнен бастайын. Сұлулық салонына бармақшы ниетіммен келе жатыр едім, есіме құрбымның тапсырған кітабы келіп түсті. Ол Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын сатып алуымды тапсырған еді. Соған асығып келе жатыр едім, алдымнан режиссер ағам шыға келмесі бар ма. Қолына гүл ұстап алған , әдемі киініп алған, бейне бір Үндістанның әйгілі актерындай болып жасанып алыпты. Соған қарағанда үнді фильміне түсуді армандап жүр ме екен деп ойлап қалдым. Ол жастайынан үнемі сахналық қойлымдарға қатысатын. Ақыры өзі кейіннен режиссер болды. Оның сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев. Оған да еліктейтіні тағы бар. Не істеп жүрсіз десем, долларым бар еді, соны теңгеге айырбастай алмай жүрмін, дүкеннен әйелімнің туған күніне торт алайын деп едім дейді. Бұл кісі менің анамның інісі екендігін айтпаппын гой сіздерге. Сосын не керек қалаға баратын маршруткаға мінді де кете барды. Мен одан соң мұғалімімді жолықтырып, кітап дүкенінің қайда екенін сұрастырдым.
"Бэйджик" әдісі арқылы үш топқа бөлемін. Одан өзге төрт үздік оқушыны эксперттер тобы етіп тағайындаймын. Бұл топ мұғалімге топтардың тапсырмасын тексеруге көмектеседі.
Оқушылар өздеріне түскен бэйджик арқылы бөлініп, орындарына отырады.
Балалар, бүгін біз сіздермен "Тендер" ойнатамыз. Тендердің сомасы 500 мың доллар. Ал тендерге қатысушылар біздің еліміздің кітап баспалары болмақ. Олар "Атамұра" баспасы, "Мектеп" баспасы және "АрманПВ" баспасы.
Сабақта аса белсенділік танытып, ерекше көзге түскен топ тендерді ұтып алады. Ендеше, бастайық.
"Мектеп" баспасының эксперті-Аружан.
"Арман ПВ" баспасының эксперті-Айғаным.
"Атамұра" баспасының эксперті-Арайлым.
|
Ортасы
ІV (2 мин)
V Постермен жұмыс
12 мин.
VІ Оқулықпен жұмыс 5 мин
3 мин
VІІ Сергіту сәті!
4мин
VІІІ Оқулықпен жұмыс 5 мин
|
Қызығушылығын ояту
Стиль және әдеби тіл сөздеріне ассоциация құру арқылы оқушылардың ойына түрткі саламын. (Слайдтан жауапты көрсетемін)
Оқушылардың ықтимал жауаптары: Стиль-латыннан аударғанда "жазу құралы" дегенді білдіреді; адамның жеке, дара қасиеті; стиль-сән, мода; стиль-қаламгердің жазу мәнері; тілдік тәсілдердің қолданылу принциптері; стилистиканың негізгі орталық ұғымы; киім киюдегі ерекшелік; стиль-өнердегі бағыт (мысалы би, ән, сурет, қолөнер) т.б.
Әдеби тіл-жалпыхалыққа бірдей ортақ, түсінікті, белгілі жүйеге түскен, стильдік-жанрлық тармақтары бар, белгілі бір нормаға түскен тіл.
ІІІ. Мағынаны тану.
ДЖИГСО әдісі арқылы оқушылар "Қазақ әдеби тілінің стильдері" тақырыбының мәтінін түсініп оқиды (2 мин). Оқып болған соң, әр топ өз арасында талқылауға түсіреді (1 мин), сосын ең жақсы түсінген, көшбасшылық танытқан бір оқушыны елші ретінде келесі топқа жібереді. Осылайша барлық топтар бір-біріне өкілдерін жібереді. Өкілдер барған топтарына өздерінің оқығандарын түсіндіреді. (3 мин).
Өкілдер өз топтарына барып отырады, топ болып бірге тапсырмаларын постерге түсіреді (2 мин), қорғайды (4 мин).
"Мектеп" баспасына- Ауызекі сөйлеу мен көркем әдебиет стилі.
"Арман ПВ" баспасына- Ғылыми және публицистикалық стиль.
"Атамұра" баспасына- Қазақ әдеби тілінің стильдері, ресми іс-қағаздар стилі.
Жаттығу жұмыстары:
46--жаттығу. Мәтінді оқу. Бірінші абзацтағы мәтін бөлігін ауызекі сөйлеу стиліне айналдырып айту. Қарамен жазылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
(Жаттығу мәтінін үш топқа бөліп беремін.Жаттығуды тақтада 3 топтан бір-бір оқушы шығып орындайды. Қалғандары орындарында отырып орындап, эксперттерге тексертіп бағаланады. )
1-абзац "Мектеп" баспасына.
2-абзац "Арман ПВ" баспасына.
3-абзац "Атамұра" баспасына.
47-жаттығу. Төмендегі екі мәтінді салыстырып, қандай стиль түріне жататынын анықтаңдар. Топтарға екі мәтінді бөліп беремін. Олар мәтін мазмұнымен танысады. Стилін анықтап, дәлелді пікірлерімен айтып береді.
Сергіту сәті!
"Саябақтағы орындық" ойынын ойнатамын. Ол үшін сыныптан ең мықты, табанды, сөзге шешен, тапқыр деген бір оқушыны отырғызамын. Топтағы қалған оқушылар өзара ақылдасып, ішінен бір оқушыны әртүрлі рөлге енгізіп, орындықта отырған оқушыны орнынан тұрғызу амалдарын жасайды. Ол үшін топ болып орындықта отырған оқушыға арналған сұрақтарды құрастырады (1мин),нәтижесінде ішінен бір оқушыны ортаға шығарады. Шарты: ойыншылар өз сөздерінде көркемдегіш амал-тәсілдерді (мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, теңеу , эпитет, метафора т.б.) қолданулары тиіс. Ол оқушы бір образға кіріп, орындықта отырған оқушыны тұрғызуға әрекет жасайды. (Әр топқа 1 минуттан). Мысалы, полицей образы, мүгедектің образы, ауру адамның рөлі, журналист образы т.б.
(Эксперттермен ақылдаса отырып қандай рөлдер орындықтағы адамның орнын босатуына түрткі бола алғандығы, сөзіне сендіре алғандарын анықтап, сол топты марапаттап өтемін.)
Жаттығу жұмыстарын орындату.
48-жаттығу. Үш топ кестеде берілген бағытта бір стиль түріне шағын материал дайындап, талқылау ұйымдастырады. (ауызша тапсырма).
1-тапсырма "Мектеп".
2-тапсырма "Арман ПВ".
3-тапсырма "Атамұра".
|
ІХ Аяқталуы
2 мин
Бекіту
Х Бағалау
ХІ Кері байланыс
1 мин
ХІІ Үй тапсырмасы
|
IV. Бекіту.
"Раунд Робин" тәсілі арқылы сабақты қорытындылайды. Ол үшін топтағы оқушылар бірінен-соң бірі тұрып бүгінгі сабақта түсінгендерін бір ауыз сөзбен жеткізеді, бірақ бір-бірін қайталамаулары керек.
V Бағалау. Критериалды бағалау әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушы өзін-өзі, топ басшысы, сондай-ақ эксперттердің берген ұпайлары, қорытындысында мұғалім өз ұпайларын қойып бағасын шығарады.
VІІ Кері байла,ныс
"Бес саусақ" әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар сабақ бойынша алған әсерлерін бес саусақтың параметрлеріне сәйкес пікір түрінде жазады.
VІ. Үйге тапсырма:
50,52 -жаттығулар.
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай бағалайсыз?
Критериалды бағалау парақшасына оқушылар өздерін бағалайды. Соның негізінде және өз жазбамды есепке ала отырып әр оқушыны әділетті бағалауға тырысамын.
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
|
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
|
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Кері байланыс «Бес саусақ».
Шынашақ (кіші бөбек)– ойлау процессі; мен бүгін қандай ақпарат не тәжірибе алдым?
Аты жоқ саусақ– мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?
Ортан терек – көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен?
Сұқ саусақ (балаң үйрек)– көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді?
Бас бармақ – өзін-өзі бағалай, белсенділік таныту; Мен өзімді қалай сезіндім? Неліктен? Ертеңгі күнге қандай жоспарым бар?
Бағалау парағы
Топтың аты- Эксперттің аты-жөні-
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Бағалаушылар
|
І
Үй тапсырмасы
|
ІІ Постермен жұмыс
|
ІІІ
Жаттығу орындауы
|
ІV
Сергіту сәттері
|
V
Бекіту
|
Барлық
ұпай саны
|
1
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
Өз бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Эксперттер бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің бағасы
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
Ең жоғары ұпай-5.
21-25 ұпай аралықтары-"5"-ке бағаланатындар;
14-20 ұпай аралықтары- "4"-ке бағаланатындар;
8-13 ұпай аралықтары- "3"-ке бағаланатындар;
0-7 ұпай аралықтары- "2"-ге бағаланатындар.
"Арман ПВ"
баспасы
"Мектеп"
баспасы
"Атамұра"
баспасы
Эксперттер
тобы
Достарыңызбен бөлісу: |