Жасыл жапырақ пигменттері
16-жұмыс
Адсорбтық тәсіл бойынша сорғыш қағазда пигменттерді бір- бірінен бөлу
Қажетті құрал -жабдықтар: спирттегі пигменттер қоспасы,химиялық стақан, кіші кәрлен тигелі, сорғыш қағаз, қайшы, бөлгіш шыны воронкалар.
Жұмыс барысы:ені 1 см,ұзындығы 15 см тығыз сорғыш қағазы қырқып алынады.Осындай даярланған қағаздың бір ұшын пробиркадағы пигменттер қоспасына салып қояды.Хлорофилдердің ерігіштік қасиеті нашар, ал адсорбциялық қасиеті күшті болғандықтан сорғыш қағазда ең алдымен адсорбцияланып,одан жоғары пигменттер,ал оның үстіне таза еріткіш спирт жылжиды. Ондай пигменттер бөлінген қағазды кептіріп,ең төменгі көкшіл жасыл хлорофилл-б,ал одан жоғары сарғыш жасыл хлорофилл-а,каротин ең соңында ксантофилл екендігін анықталады.
Пигменттерді бөлудің екінші түрі дөңгелек сорғыш қағаз алып,оның дәл ортасы тесіліп,екінші сорғыш қағаздан аздап жыртып алып,оны ширатып,сорғыш дөңгелек қағаздың ортасындағы тесікке кигізеді.Ширатылған қағаз пілтенің қызметін атқарады.Кішкене фарфор тигеліне спирттегі пигменттер жоғары көтеріліп, дөңгелек сорғыш қағазға жайылады да,жоғарыдағыдай пигменттер дөңгеленіп орналасады.
Пысықтау сұрақтары: Пигменттер сорғыш қағаздардың қай жерінде,олардың түсі қандай, дәптерге суреті салынып,аттары жазылып қойылады.Не себепті бір ерітіндідегі пигменттер сорғыш қағаздардың әр жеріне жиналатынын айтыныздар.
Достарыңызбен бөлісу: |