18-жұмыс
Фотосинтез нәтижесінде крахмалдың түзілуі (Сакс пробасы)
Қажетті құрал -жабдықтар: спирт,иодтың иодты калийдегі ертіндісі, 200-300 Вт электр шамы,қайшы,пинцет,су баннасы, конус тәрізді колба, кәрлен табақшасы, электр плитасы, қара фотоқағаз, ақ қағаз, скрепкалар, ине, жіп, өсіп тұрған өсімдік.
Жұмыс барысы:Қыс айларында құмырада өсіп тұрған герань,көктем айларында-примула,гортензия,герань жаз айларында-настурция,жүгері өсімдігі,күнбағар,үпілмәлік және т.б өсімдіктердің тұрған жерінде жүргізуге болады.
Ол үшін екі ақ және екі қара қағаз алып,оларға тұспа тұс келетіндей белгі немес ою салып,қайшымен қырқып тасталады.Егер гүл құмырасында өскен өсімдікке тәжірибе жүргізген жағдайда,оның бір жапырағы мен сағағы қырқып алынып,жапырақтың асты мен үстіне, ең алдымен қара қағазды,олардың сыртын ақ қағазбен қаптап (қағаздардың оюы тұспа-тқс келуі тиіс) скрепкамен немесе жіппен әр жерге тіліп, бекітеді.Осылайша даярланған жапырақтың сағағын су астында қырқып, жаңартылып стақандағы суға салынады да (12-сурет)усті шыны қалмақпен жабылып,күн сәулесі түсетін жерге немесе 200-300 Вт электр шамы арқылы жарық түсіріледі.Электр шамы шыны қалпақтан 30-40см қашықтықта болуы тиіс,әйтпесе жапырақ қызады.Ал далада өсіп тұрған өсімдікке тәжірибе жүргізу үшін жапырақты қырқып алмай-ақ жоғарыда көрсетілгендей өсімдіктің өзінде жүргізіледі.Ондай өңделген жапырақтар бір тәуліктен кейін, ең кем дегенде 4-5 сағаттан алынып,су баннасында қайнап тұрған суға 1 минуттай батырып, ыдыстағы спиртке салып, су баннасында, спиртке толы хлорофилдер шығып, жапырақ түссізденген дейін қайнатылады.Түссізденген жапырақты сындырып, (спиртке толық құрғайды) алмай, суда өңдеп, кәрлен ыдыстағы иодты К1-дағы (әлсіз шәй түрінде)ерітіндісіне салынады. Жапырақтың күн сәулесі (жарық) түскен жерлерінде үздіксіз фотосинтез өтіп,крахмал жиналу себепті көк түске боялады.Ал қара қағаз астында қалған жерлерінде фотосинтез өтпейді,бқрын болған крахмал сабақ арқылы басқа мүшеге,немес жапырақтың тыныс алуында жұмсалып кетеді де,иодтан көгермейді.Осылайша крахмал пробасы пластинканың арасына салып,бойлай кептіріп алу керек.Қажетті кезінде сол күйінде иод ерітіндісіне салып өңдеп, оқушыларға көрсетіп,жылда пайдалануға болады.
Пысықтау сұрақтары:Фотосинтез жүру үшін сыртқы орта жағдайлар қандай болуға тиіс? Қорытынды жазыңдар.
№ 7 зертханалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |