Мәтіннің негізгі идеямсы жайлы ойланып, адамгершіліктің құнды қасиет екендігін ұғады.
Өздерін өмірде кедейдің орнына қойып көріп,ондай жағдай болдырмас үшін алдын-ала жоспар құрады.
Өткен өмірдегі адамдарды өазіргі өмірдегі адамдармен салыстырады. Адамгершілік қасиеттерді бойға жию керек екендігін ұғады.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
Мәтінді рөлге бөліп ойнау. Автор болу.
«Кедейге көмек беру»»
Рефлексия
Сонымен ,балалар, біз өз ғұмырын әділдікке,ақиқатқа,шындыққа,адамгершілікке,мейірімділікке арнаған Қожанасырдың басынын өткен бір аңызды ғана оқыдық.Ол бізге көп ой салды.Барлығымыз адам ,адамгершілік жайлы ұмытпайық.
5-топ: Қазіргі заманда осындай жағдайлар орын ала ма?
Ондай оқиғалар болмас үшін бізге қандай қасиеттер қажет?
Ресурс №3
Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры.
Сонда асхананың иесі тұрып:
-Бұл оңбаған кедей маған тиісті ақшасын төлемей кетіп барады.Соның үшін сабап жатырмын,-дейді.
-Ол сізге не үшін ақша төлеуге тиісті еді?-дейді Қожанасыр.
-Бұл кедей менің асханама келіп,дорбасындағы нанын қолына алып,ұзақ отырды.Көпке дейін жемеді.Асханадағы тәтті тамақтардың дәмі нанға әбден сіңіп болғаннан кейін,рақаттанып нанын жеді де,шығып жүре берді.Ол нанға сіңген тәтті тамақтардың иісі үшін маған ақша төлеуге тиісті.-дейді асхана иесі.
-Менің асханаға келгенім де рас,босағада отырып нанымды жегенім де рас.Өйткені мен асханаға кіргенде,тамақ ішсем деп кіріп едім.Қалтама қолымды салып қарасам,екі-үш бақыр ақша ғана бар екен.Бұған тамақ келмейтін болды.Содан кейін «бай қалған сорпа-суын бермес пе екен» деген оймен нанымды қолыма ұстап,босағада ұзақ отырдым.Бірақ қайырымсыз бай еш нәрсе бермеді.Амал не,өз нанымды жедім де,шығып жүре бердім.Осының үшін ақша төлеуге бола ма,тақсыр!-дейді кедей адам Қожанасырға мұңын шағып.
-Бұ да дұрыс екен.Сіздің ақшаңыз бар ма?-дейді Қожанасыр кедейге.
-Азғана бақыр ақшам бар,-дейді кедей.
Ия,аз да болса төлесін,ақша төлемей тұрғанда мен жібермеймін оны,-дейді асхана иесі екіленіп.
-Байеке,сіз тұра тұрыңыз.Бұл кісімен мен өзім сөйлесейін,-дейді Қожанасыр.
-Түсіндіріп айтыңыз ақымаққа,төлесін!-дейді бай үміттеніп.
-Сіз бақыр ақшаларыңызды маған бере тұрыңызшы,-дейді Қожанасыр кедейге.Кедей адам біраз ренжіп барып,қалтасындағы бақыр ақшаларын Қожанасырдың алақанына салады.Қожанасыр бақыр ақшаларын қолына қысып тұрып:
-Бері келіңіз,байеке!-дейді.
Ақшаға арын сататын бай көңілденіп,Қожанасырдың жанына жетіп келеді.Қожанасыр ақша ұстаған қолын байдың оң құлағының түбіне таяп тұрып,ұзақ сылдырлатады.Ақшаның сылдырын естіп бай күлімдей түседі.Қожанасыр одан да күштірек сылдырлатады.Ұзақ уақыт сылдырлатқаннан кейін,Қожа бақыр ақшаларды кедейдің қалтасына кері салады да:
-Ал,сіз жөніңізге жүре беріңіз,-дейді.
Кедей бейшара аз да болса,ақшасының қалтасында қалғанына қуанып,Қожанасырдың қолын алып,жүруге ыңғайланады.
-Байеке,әділдікке көшелік.Дұрысында ол сіздің тамағыңызды жеген жоқ.Иісін ғана иіскеді ғой.Ал сіз оның ақшасының сылдырын тыңдадыңыз.Сондықтан сіздің артық кеткен борышыңыз жоқ кедейдің мойынында.Тамағыңыздың иісі ақшаның сылдырымен төленді,-дейді.
Бай сөзден жеңіліп,аңырап қала берді.Кедей бейшара Қожанасырға риза болып,қайта-қайта қолын алады да,өз жөніне жүре береді.