Талғайран негізгі мектебі
Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Ашық сабақ
Өткізген биология пәнінің мұғалімі:
Мадиева Ы.С
2016-2017 оқу жылы
Күні: 03.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Жалпы мақсаты:Сабақта сын – тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар буынаяқтылар типі, шаянтәрізділер класының негізгі өкілі өзен шаянының дене құрылысын ажырата отырып өздігінен білім алады
Оқу нәтижеcі:СТО әдістерін пайдалану нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артады, қызығушылығы оянады, алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, топтастыра іздестіру сабағы, сайыс.
Пәнаралық байланыс:Зоология, медицина, экология,
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:Тақырыптымеңгертудіңтиімдітәсілдеріретінде СТО стратегияларыналдым, «Өзараоқытустратегиясы»,топпенжұмыс, постер.
Керекті жабдықтар:Оқулық, А – 3 қағаз, маркер, стикер, үлестірмелі карточкалар
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу; Сабаққа дайындығы.
ІІ.Үй тапсырмасы: Кім жылдам? Сұрақ – жауап арқылы сұралады.
І топ
Буылтық құрттардың, буынаяқтылардың қанша түрі бар және қандай ортада мекендейді ?
Буылтық құрттар мен буынаяқты жәндіктер деп аталуы неліктен ?
Буылтық құрттар мен буынаяқтылар қалай көбейеді?
ІІ топ
Хитин және целом дегенді қалай түсінеміз.
Екі типтің қан айналым жүйесіндегі айырмашылығы.
Буынаяқтар мен буылтық құрттардың зәр шығаруындағы айырмашылығы.
ІІІ –топ
1.Ұлулар типініңкластарынатаңдар?
2.Тип неге «ұлулар» депаталған?
3.Ұлулар қалайтынысалады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы.
Дене бөліктері айқын білінбейді.
Желбезек арқылы тыныс алады.
Теңізде, мұхитта, тұщысулы су қоймаларында мекендейді.
25-30 мыңға жуық түрі бар.
Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан басындағы екі жұп мұрты, желбезек арқылы тынысалуы және жұмыртқадан дамуы арқылы ерекшеленеді.
Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым – карцинология деп атайды.Хитин дегеніміз – жасуныққа ұқсас ағзалық зат
Қоректенуі:
3 жұп жақ аяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды.
Ауыз – жұтқыншақ – өңеш - күйіс қарын – сүзгіш қарын– ішек аналь тесігі.
Тыныс алуы: Желбезектер арқылы тыныс алады.
Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған.
Шаян тәрізділер жұмыртқа арқылы көбейеді.
Өзен шаяны дара жынысты жәндік.
Қан айналымы: Тұйықталмаған ашық жүйелі. Зәр шығаруы: Қосалқы бездер және мальпиги түтікшелері.
Достарыңызбен бөлісу: |