Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы Өткізілетін орны



бет2/4
Дата04.08.2017
өлшемі430,38 Kb.
#22674
түріСабақ
1   2   3   4

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1165, 1166, 1167-есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Радиоактивтілік
Ядролардың барлығы бірдей шексіз ұзақ уақыт бойы өмір сүре алмайды. Көптеген атом ядролары өз бетінше басқа ядроларға айнала алады. Осы құбылысты радиоактивтілік деп атайды. Табиғатта кездесетін ядроларда байқалатын радиоактивтілік табиғи, ал ядролық реакциялардың көмегімен алынған ядролардың радиоактивтілігі жасанды радиоактивтілігі деп аталады. Табиғи және жасанды радиоактивтіліктің арасында ешқандай принциптік айырмашылық жоқ.

Альфа-ыдырау. Атом ядросының альфа-бөлшек шығарып басқа ядроға өз бетінше айналу процесі альфа-ыдырау деп аталады. Реттік нөмірлері Z > 82 ауыр элементтердің барлығының дерлік ядролары альфа-радиоактивті ядролар болып табылады. Ыдырау төмендегі сызбанұсқа бойынша жүреді:



Х- ыдырайтын ядроның, ал У- түзілген ядроның химиялық символы. Альфа-ыдырау нәтижесінде бастапқы ядромен салыстырғанда түзілген ядроның реттік нөмірі 2 бірлікке, ал массалық саны 4 бірлікке кеміді. Мысалы: уран изотопы ыдырағанда торий изотопы түзіледі:

Әдетте ядроның альфа-ыдырауымен қатар түзілетін ядроның гамма сәулелерін шығаруы қабаттаса жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет