Радиоактивтік ыдыраудың негізгі заңы. Радиоактивтік ыдырау уақыт өткен сайын ыдырамаған бастапқы ядроларының санын азайтады. Кез-келген радиоактивтік изотоптың ядроларының ыдырауы мына заңға бағынады.
Осы теңдеу радиоактивтік ыдыраудың негізгі заңы деп аталады. Мұндағы N0 t=0 мезетіндегі радиоактивті ядролардың саны, ал N – кез-келген t уақыт мезетіне дейін ыдырамай қалған ядролардың саны Т символы – радиоактивтік изотоптың түріне байланысты болатын тұрақты шама. Осы тұрақтыны жартылай ыдырау периоды деп атайды. Жартылай ыдырау периодына тең уақыт ішінде радиоактивтік ядролардың бастапқы саны екі есе азаяды.
Қазіргі уақытта белгілі радиоактивтік ядролардың жартылай ыдырау периоды жыл аралығында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |