Бета-ыдырау. Электрондық бета-ыдырау құбылысы идеп атом ядросының өз бетінше электронды шығару жолымен басқа ядроға түрленуін айтады.
Электрондық бета-ыдырау мына сызбанұсқа бойынша жүреді:
Нейтрондардың біреуі протонға айналғанда ядроның заряды қоса артады. Мысалы:
Соңғы ядроның массалық саны бұрынғы күйінде қалады, себебі ядродағы нуклондар саны өзгермейді.
Бета-ыдырауымен қатар гаммаінің шығарылуы қосарлана жүруі мүмкін. Гамма-сәулелерінің пайда болу механизмі альфа-ыдырауы кезіндегі сияқты – соңғы ядро тек негізгі күйде емес, сол сияқты қоздырылған күйлерде де орналаса алады. Кейін энергиясы аз күйге өткенде ядро гамма-сәулелерін шығарады.
Бета-бөлшектердің спектрі тұтас болады.
Жасанды радиоактивтілік. Француз физиктері Ф. Жолио-Кюри және И. Жолио-кюри 1934 жылы альфа-бөлшектерімен атқылағанда алюминий ядросы фосфор ядросына айналатынын және еркін нейтрондардың шығатынын байқаған:
Алынған фосфор ядросы радиоактивтілік байқатып, төмендегі сызбанұсқа бойынша ыдырайды:
Мұндағы е+ - позитрон, - нейтрино.
Достарыңызбен бөлісу: |