Сабақ жоспары
Пәннің аты: Физика
Сабақ өткізілетін күн
|
Сабақ өткізілетін топ
|
Сабақ өткізілетін уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: №5 Зертханалық жұмыс. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау
Сабақтың мақсаты: магнит өрісінің токқа әсерін тәжірибе жүзінде бақылау.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Керекті құрал-жабдықтар: сым орамдары, штатив, тұрақты ток көзі, реостат, кілт, жалғағыш сымдар, таға тәрізді магнит
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
ІІ. Зертханалық жұмыс орындау.
Жұмысты орындауға әзірлік:
Сым орамдарын штативке асып қоямыз да, оны реостатпен және кілтпен тізбектей ток көзіне жалғастырамыз. Кілт алдын ала ажыратулы болады, себебі реостат сырғымасы барынша үлкен кедергіге қойылуы керек.
Тәжірибені жасау:
1. Ілулі тұрған сым орамына магнитті жақындатып, кілтті қостық. Содан соң орамның қозғалысын қадағаладық.
2. Орамның және магниттің орналасуына қатысты бірнеше өзіндік сипаты бар нұсқаларын іріктеп алып, магнит өрісінің және токтың бағыттарын, магнитке қатысты орамның мүмкін болатын қозғалу бағытын көрсетіп, суретін салдық.
3. Орамның қозғалу бағытына және оның сипатына қарай мынадай қорытынды жасадық.
Қорытынды жасаңыздар.
Оқытушы: ____________ Бектилеуова С.К.
Достарыңызбен бөлісу: |