Сабақ Өткізу әдісі: түсіндіру,көрнекілікпен көрсету


Мұзды мұйықты қою іс әрекеттері



бет12/14
Дата30.09.2022
өлшемі213,64 Kb.
#151321
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
темы ОСД

Мұзды мұйықты қою іс әрекеттері.
Әсер ету механизмі: терең жатқан тіндер мен мүшелердің қан тамырларын тарылтады, жүйке рецепторларынныңы сезгіштігін төмендетеді. Осының салдарынан қанның кетуі тоқтайды, қабыну процестері бәсеңдейді, дене қызуы төмендейді, ауырсыну жеңілдейді.
Әзірлеу қажет:

  • мұзды мұйық;

  • сүлгі;

  • мұз немесе салқын су;

  • зарарсыздандыру ерітіндісі.

Іс әрекеттері:

  1. Мұзды бөлшектерге бөліңіз.

  2. Мұзды мұйыққа мұзды жартылай етіп салыңыз.

  3. Мұзды мұйықтан ауаны шығарыңыз.

  4. Тығынын жабыңыз.

  5. Мұйықты сүлгіге ораңыз.

  6. Мұйықты белгіленген орынға қойыңыз.

  7. Мұзды мұйықты 1 тәулікке дейін қоюға болады, бірақ әрбір 25-30 минут сайын 10-15 минутқа денеден алып тұрады.

  8. Мұйықтағы суды мұздың еруіне қарай төгіп, мұзбен толықтырып отырыңыз.

  9. Мұзды мұйықты пайдаланып болғаннан соң зарарсыздандыру ерітіндісімен екі рет, араға 15 минут салып, тазалаңыз. Сонан соң ағынды суда жуып, құрғатып сақтаңыз.

Есіңізде сақтаңыз: балаларға мұзды мұйықты теріден 2-3 см жоғары етіп іліңіз.
Сүлік қою
Мақсаты: жергілікті қан алу, қанның қоюлануын төмендету
Көрсетілімі: артериялық гипертензия, бауырда венозды қалдықтың тұрып қалуы, ЖИА, венаның тромбозы және тромбофлебит, геморрой.
Құрал-жабдықтар: стерильді: лоток; пинцет; тампондар; салфеткалар; таңу материалы, медициналық банка, 70% спирт, 40% глюкоза ерітіндісі, мүсәтір спирті немесе натрий хлориді; ыстық су; 6-8 сүлік.
Емдік ванна
Емдік ванна- сумен емдеудің негізгі түрі болып табылады. Жалпы, жартылай және жергілікті ванна түрлерін ажыратады. Ұзақтығы: 10-20 минутқа дейін, қабылдау курсы 10-15 ванна. Емдік ваннаны күн ара немесе екі күн қатар сосын бір күн үзіліс жасайды. Ванналарды сумен емдеу бөлімінде немесе арнайы емдік және алдын-алу мекемелерінде қолданылады. Жанұя бір мүшесінің бақылауымен дәрігер тағайындауы бойынша емдік ваннаның белгілі бір түрін үй жағдайында қолдануға болады; егде жастағы науқастар және жас сәбиле ванна қабылдаса оларды ерекше бақылау қажет. Ваннаға түсіп болған соң құрғақ және жылы сүлгімен сүртініп, одан соң 30 минут демалу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет