Марштың, шерудің негізгі мақсаттары – қарсыласқа шабуылдау жолымен ұрыс міндетін орындау үшін ұрыста қимылдап жатқан әскерді күшейту үшін қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабылетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру. Марш, шеру сондай-ақ толықтыру , қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында авиация санының көптігін, әуе десанттары мен диверсиялық топтарының кең қолданылатынын, дұрыс жүргізудің ошақтық сипатының мүмкін екенін ескере отырып, шерудегі әскер үнемі жоғарғы ұрыстық қимылдарды дереу жүргізуге қабілетті болуы тиіс. Барлық жағдайларда – шеру жасырын, шектеулі көру жағдайында жүзеге асырылады. Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын келуі тиіс.
Ұрысқа кірер алдында марш, шеру жасағанда, барлық оның ұйымдастырушылары алдағы ұрысқа бағынышты болады. Бұл кезде жорықтық ретке тұру алдағы ұрыс мәнісінде толық жауап беруі және қарсыласқа атыс соққысын беру ұрыстық ретке тез жазылу және қарсыласқа жүріс барысында күшті соққы беруді жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Мұндай марш, шеру қозғалыстың жоғарғы қарқынына ие, өйткені ол авиацияның, артиллерияның және қарсыластың басқа да атыс құралдарының соққысына тап болады. Бұл жағдайға взвод бас (бүйір, тыл) жорық заставасына бекітілуі мүмкін, ал кейде қозғалатын лекке қарсыластың кенеттен шабуылдауына жол бермеу, оның жер үсті барлауының енуін болдырмау және ұрысқа басты күштердің кіруіне ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында қозғалмайтын бүйір заставасына немесе бас шолғынға бекітіледі.
Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда марш, шеру жасау кезінде жорық реті қозғалыс ыңғайлылығын, жоғары шеру жылдамдығына қол және ұрыстық техниканы сақтауды еске ала отырып құрылады.
Мотоатқыш (танк) взвод рота легінде немесе өз бетінше жорықтық күзетте шеру жасайды. Лектегі машиналар мен взводтар арасындағы қашықтық – 25-30 м.
Шектеулі көру жағдайында, көктайғақта, сондай-ақ жоғарғы жылдамдықпен қозғалған кезде арақашықтық ұлғаяды.
Осылайша, қазіргі заманғы ұрыстың сипаты түбегейлі өзгергені анық.
Ұрыс:
оған қатысатын күштер мен құралдардың құрамы мен мүмкіндіктері анағұрлым күрделі, жер үсті-әуе, маневрлік, динамикалық және өте қарқынды болуға айналды.
Кең маневр, майданнан, қапталдан, артқы жағынан ауадан бір уақытта соққы беру тек құрамалар мен бөлімдер ғана емес, батальондардық тактикалық топтардың күресу әдісіне айналады. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізі, шетелдік баспасөзде айтылғандай, жоғары дәлдіктегі қарудың алыс қашықтықтағы атыс шайқасы болып табылады, оны алдын-ала қолдану ұрыстың нәтижесін алдын-ала анықтай алады.
Жақын ұрыс сипаты өзгерді: бұл, ең алдымен, танктер мен танкке қарсы құралдардың алыс қашықтықта, танк пен механикаландырылған бөлімшелердің қапталына және артына соққылар беруі.
Жалпы әскери шайқастың мазмұны қазіргі заманда өзгерді: оның негізгі элементтері тек ядролық соққы, атыс және маневр ғана емес, сонымен қатар жаудың әскерлері мен қаруын басқару жүйелерін электронды түрде басу.
Қазіргі жалпыәскери ұрысқа тән ерекшеліктерді талдау, оны жүргізу үшін әскерлердің жоғары тактикалық, әскери-техникалық, моральдық-психологиялық дайындығы, жауынгерлік дағдысы, тәртіп пен жауынгерлердің дене шынығу даярлығы қажет екенін көрсетеді.
Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс барлық офицерлерден терең әскери-теориялық білімді, кең ғылыми дүниетанымды, шығармашылық пен бастаманы, жедел-тактикалық болжау өнерін, соғыс қимылдарының мүмкін болатын бағытын болжай білуді, ұрыс жүргізудің жаңа, тиімді әдістерін әзірлеуді және игеруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |