Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.
Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автомматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
Айқастыра ату – бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.
Жаппай ату- нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.
Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қолданып, бөлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, оның қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу арқылы қысады және шешуші шабуылмен оған соққы беріп, талқандайды.