Марштық және шерулік бөлімшелер жорық күзетінің негіздері және ұрыстағы мақсаттары.
Қазіргі жағдайда шеру негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты шерудің жеңіске жетудегі шешуші күштерінің бірі ретіндегі мәні күрт артып келеді.
Маневр - бұл жауға қатысты тиімді позицияны иемдену және күштер мен құралдардың қажетті топтастырылуын құру, сондай-ақ жауды ең тиімді жеңу үшін соққылар мен атысты ауыстыру немесе қайта бағыттау мақсатында ұрыс кезінде әскерлердің ұйымдасқан қозғалысы.
Маневр түрлері:
1. қамту– қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдайшептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара әсерлесу арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.;
2. айналып өту– қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тактикалық өзара әсерлесу арқылы қимылда жүргізіледі.;
жауға тылдан соққы беру үшін әскерлер жасаған тереңірек маневр; ол майданнан жұмыс жасайтын бөлімдер мен бөлімшелердің және тактикалық-десанттық шабуылдау күштерімен тактикалық өзара әсерлесу қимылы арқылы жүзеге асырылады. Айналма жолмен жаудың қапталына және тылына терең шабуылдар жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы қол жеткізіледі. Айналып өтуді жүзеге асыру үшін қамтуға қарағанда күшті, шебтен алыста қарсылас әскерлерді жеке өзі жеңуге қабілетті күш топтары құрылады.
3. кету- әскери күштерді жаудың соққысынан шығарып, неғұрлым тиімді шебті (позицияны) иемдену үшін қолданылатын айла; ол аға командирдің (бастықтың) рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.;
4. соққылармен және отпен маневр жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |