ІІ Негізгі бөлім 1-сайыс. «Сәлем-сөздің атасы» топтардың таныстыруы. Әр команда капитандары өз командаларын көркем тілде таныстарып шығу керек. (командаларды ретімен атау.)
2-сайыс. Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал – мәтелдерді , нақыл сөздерді көп қолдана білген, «Білім көзі-кітапта» деген 2-сайысымызда берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек (слайдтан көрсетіледі.)
1 және 2 сайыс қорытындысын жариялау үшін әділ-қазыларға сөз береміз. (жеңіл музыка ойнап тұрады.)
Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?!
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға-сол алда! дей келе үшінші сайысымызды бастаймыз.