• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: Сергіту сәті
Сабақтың типтері, құрылымы.
Сабақтың типтері, құрылымы.
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортақ бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек.Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.

Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда.