Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар



бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі101,77 Kb.
#168506
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2. 13.02.2023 ж. Педагогика - презентация

4) білім, іскерліктерді бекіту;

5) жинақтау және жүйелеу;

6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;

7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.


Сабақ құрылымы
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.

Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.

Кезеңдері: • ұйымдастыру; • мақсат қою; • білімді еске түсіру; • нұсқау; • тәжірибелік жұмыс; • жұмыс нәтижесін шығару. Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды.

Бақылау сабақтары

Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі. Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі.

Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:

• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту; • есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау; • оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру; • мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту; • есте сақталған мәліметтерді анықтау; • қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет