Сөж орындаған: Нурадинов Еркеғали Тексерген: 2021-2022 оқу жылы Сыныптағы тәрбие жұмысы Жоспар



Дата28.02.2022
өлшемі22,31 Kb.
#133712
Байланысты:
Тәрбие сөж 1 Еркеғали


Халықаралық Тараз инновациялық институты
СӨЖ
Орындаған: Нурадинов Еркеғали
Тексерген: __________________
2021-2022 оқу жылы
Сыныптағы тәрбие жұмысы

Жоспар
I.Кіріспе
Сынып сағаты-сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы
II.Негізгі бөлім
1..Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жүйесін жоспарлау мен рөлі
2..Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1.Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сынып сағаты – бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінң икемді формасы; бұл сынып жетекші және тәрбиеленушілердің қатынас формасы ұйымда педагог басымдылық рөлді атқарады.
Сынып сағаты оқу сабақтарынң кестесіне қойылады.
Сынып сағаты әрбәр сыныпта апта сайын өткізіледі.
Сынып сағаттың формасын сынып ұжымы сынып жетекшісінің басшылығымен таңдайды.
Сынып жетекшісі сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі болып табылады және сынып сағаттың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты.
Негізгі бөлім
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
1.Сыныптағы оқушылардың талап – тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым – қатынасын қамтамасыз ету.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
3.Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын кұру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның максатымен бірлікте болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
7.Тәрбиелік шараларды атқаруда колданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі окушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың кандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықттау қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
Тәрбие жоспарын құрудың алғы шарттары
I.Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министірлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оку.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат «Мәдинет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.
2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарынан тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
4.Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уакыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдынғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
IV.Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
V.Алдағы мерзімде болатын айтулы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI.Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
VII. Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекетінің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпт і бір жылға құрылуы мүмкін.
Сыныптағы тәрбие жұмысының жоспарының құрылымы:
Сынып ұжымдарына мінездеме.
Тәрбие міндеттері.
Сынып ұжымдарының жұмыс бағыттарын олардың өткізілу мерзімі, көрсетілген жоспар кесте.
Ата – аналардың жұмыс мазмұны.
Оқушылардың жеке жұмыс мазмұны
Қорытынды
Мектеп өмірінде мұғалім — басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметінс қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
2.Н. И. Болдыров. Сынып жетекші. Алматы 1980.
3.К. Ж. Қожахметова. Сынып жетекшісі. Алматы: Әлем, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет