Мерзімі :
|
Өзін –өзі тану
|
Сыныбы : 9
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Махаббат – өмір нәрі.
|
Сабақ оқу мақсаты
|
Оқушыларға «Махаббат» құндылығы туралы түсінік беру, адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрметтеуге баулу.
|
Табыс критерийлері
Барлық оқушы нені білу керек
Көпшілігі нені білу керек :
Кейбір оқушы нені білу керек :
|
•махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы іңкәрлігі екенін біледі;
•адамға, өмірге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады, қадірлей алады;
•Махаббат ұғымының адам өміріндегі мәні,оның кемшіліктерін жағымсыз жақтарын ажырата алады. Болашаққа деген дұрыс көзқарас қалыптасады.
|
Тілдік мақсаттар\үш тілде \:
|
«Махаббат» сөзінің синонимі мен антоним сөздерін іріктей білу.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Адам және жер шары
|
Ресурстары
|
оқулық, дәптер, үнтаспа, бейнеролик, қазақ әуендері, АКТ, нақыл сөздер. шаттық шеңбері, СТО технологиясының стратегиялары, тапсырма, мәтінмен жұмыс, түйіндеме, өзіммен-өзім, шығармашылық жұмыс, дәйексөз, жүректен-жүрекке.
|
Сабақты жоспарлау, уақыты
І . Ұйымдастыру\3 мин\
|
Ассоциация «Менің сезімім ............»
«Менің сезімім Хан тәңіріндей биік»
2.Сөздер арқылы «Алтын құс» «Аққу» «Гүлдер»3 топқа бөл у
|
Мотивациялық кезең\10 мин\
Қызығушылығын ояту.
|
Бейнеролик « Әсерлі оқиға»
Диалогтік әңгіме.
Сұрақтар:Осы бейнероликте анасы неге өмір бойы баласына жалған сөйледі,неге баласы жанымда бол деп,шетелге шақырғанда «бармаймын» деп ойын ашық айтты ? Жалған сөйлеуіне не итермеледі?
Күтілетін жауап: Ананың балаға деген махаббаты, Отаны, туған жеріне деген махаббаты.
Сұрақ: Олай болса «Махаббат» ұғымының мәні?Махаббаттың қандай түрлері бар? «Махаббат»ұғымының синонимін айтыңдар.\ құрметтеу, бағалау, сыйлау, махаббат,сезім,жақсы көру,сүйіспеншілік,\
Оқушылар өз мүмкіндіктерінше анықтама беріп, пікірлерін білдірді
Тапсырма Олай болса оқулықтағы Т.Абдрахманованың
«Махаббат» өлеңін оқиық.
|
Операциялық кезең(жаңа материалды меңгеру) Мағынаны тану\20 мин\
|
Тапсырма: топтар бойынша: алдарына жүректің қиындысы және стикерлер беріледі. Өз ойларын стикерге түсіріп, жүрекке бекітеді.Ой бөліседі.
1-топ. «Мөлдір махаббат» «шынайы махаббат»дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіңдер?
3-топ. «Ғашықтық».Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу.
2 тапсырма
Мәтінмен жұмыс.І. Есенберлин «Алтын құс «романынан үзінді. оқу, түсіну,бір-біріне түсіндіру, өзара талдау.постер.
« Алтын құс»тобына 189-192 бет
Сұрақ: Жігіт Ақбаянға неліктен ғашық?
Ақбаянға деген махаббатын «алтын құсқа » теңеуге не себеп болды?
«Аққу»тобына.192 беттен-195 бет.
Сұрақ: «Адам өзіне таяп келе жатқан жыланды көрмесе де, кейде оның ызғарын сезеді»дейді. Ақбаянның қандай сөздері жігіттің жүрегіне қанжардай қадалып, көңіліне күмән ұялатты?
«Гүлдер» тобына.195 бет-197 бет.
Сұрақ.Ұлы Отан соғысы басталды.Әлжан қалды, жігіт әскерге кетіп бара жатыр.Ақбаян неліктен шығарып салуға келмеді? Махаббат адамның лауазымына,байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе?
|
Рефлекциялық кезең \ 10 мин\мин\Қорытындылау.
Рефлексия
|
Шығармашылық жұмыс . « Бір қалам» әдісімен эссе жазу.
«Махаббаттың құндылығы неде,кемшілігі, жағымсыз жақтары неде?»
Музыка терапия С.Майғазиев пен «Меломен» тобының орындауындағы әуен « Өмір» және « Махаббаттың құдіреті неде?»бейнеролигі
БалаларІ Осы әуен мен бейнероликті көріп « Өмірдің мәні махаббаттың құдіреттілігінде» деген ойға келдік. !
«Екі ұсыныс , бір тілек»
І.Есенберлиннің «Алтын құсым» романындағы Ақбаянға екі ұсыныс, бір тілек айтып, ойларыңды стикерге жазып , « Тілек ағашына» іліңдер.
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспар лайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау
|
Пәндік құндылықтар
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?Оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Жоспарлаған әдістерім тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе сәтсіз болды?сабақты не жақсарта алмады?\оқуды да , оқытудыда ескеріңіз\
Сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылармен жұмыс жасай отырып келесі сабақты жетілдіруге не көмектесетінін білдім
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |