Сабаққа талдау-10
Басты мәлімет
Күні: 15.10.2020ж
Сынып: 10
Мұғалімнің аты-жөні: Билялова Айдана
Тақырыбы: электрондық кестеде деректер базасын жасау
Сабақтың құрылымы. Сабақтың басты бөлімдері:
Сабақ оқушыларды түгендеп, «Шаттық шеңбері» ойыны арқылы басталды. Бұл ойын арқылы оқушылар топқа біріктірілді. Оқушылар бір-бірін ізгі тілектер айтып, сәттілік тіледі.
Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаттары және оларға жетуі
Сабақ қойылған мақсат Excel программасында қанша кірістірілген функция бар және олар қандай категориɹларға бөлінетіні меңгеру болды
Сабақ мазмұнының мектеп оқулығының материалымен салыстыру.
Сабақ мазмұны және материалдар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жақсы деңгейде жасалған.
Сабақтың мазмұнын жалпы диалектикалық принциптер бойынша бағалау
Ғылымилығы: сабақта ғылыми-педагогикалық әдістер жүйелі түрде қолданылды
Бірізділік: жаңа сабақ тақырыпқа тапсырма беру арқылы болды
Тәжіриебемен байланыс: Электрондық
кестені қолдана отырып,кірістірілген функциялардың түрлерімен жұмыс істей алады.
Сабақтағы мұғалімнің іс-әрекетінің әдістері, мұғалім өзін еркін ұстауы оның материалды жақсы білуінде. Маңызды сұрақтарға жауап беру сәті.
Мұғалім сабақты жақсы деңгейде өткізді. Өзінің педагогикалық қасиеттерін көсете білді, тек дауыс ырғағы төмен болды.
Материалға деген ынтаны арттыру бекіту әдістері, оқушылардың ойлауын қалыптастыру.
Оқушылар жаңа материалдарды жеңіл түсінеді деген ойдамын, сабаққа ынтаны арттыру орын алды Оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын сұрақ-жауап бөлімдері де болды..
Сабақтағы оқушылар жұмысы.
Сабақ барысында оқушылар видеосабақ көреді,
жаңа материалмен танысады, кері байланыс ZOOM бағдарламасы арқылы сұрақ-жауап болады, кейін тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындайды
Сабақтың тәрбиелік мәні. Сіз байқап қалған тәрбиелік әдіс-тәсілдер:
Сабақтың
тәрбиелік мәні болды, ол сабақтың басындағы
«жылы сөз» ойыны, бұл ойын оқушыларға достарын сыйлауды, олармен жақсы қарым-қатынаста болуды үйретеді
Қорытынды:
Сабақ жоспарының орындалуы – сабақ оқулыққа сай жақсы деңгейде өтіп шықты, сабақтың жоспары дұрыс құрылған
Сабақ мақсатына жетуі – мұғалім алдына қойған мақсатқа жетті
Сабақтағы қызықты сәттері – сабақты бастау кезі «гүлмен тілек» ойыны ерекше болды, түртіп алу әдісі басқа сабақтардан ерекше болды.
Не нәрсе аса үлкен әсер қалтырды – оқушыларды топқа бөлу әдісі
Өзгертулер: мен бұл сабаққа тапсырмалардың санын көптеу еңгізер едім
Сабақты бағалау: Айдананың сабағы жақсы деңгейде өтті!